basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттегі «AZALA Textile» ЖШС-і – еліміздегі көшбасшы кәсіпорындар қатарында

Мамыр 3, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттегі «AZALA Textile» ЖШС-і – еліміздегі көшбасшы кәсіпорындар қатарында
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы «AZALA Textile» ЖШС-і Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі көшбасшыларының бірі болып қана қоймай, Литва, Латвия, Германия, Италия, Польша, сондай-ақ жақын шет елдерге тауарлары экспортталатын халықаралық бренд болып табылады.

Қазақстандағы толық циклдегі жалғыз тоқыма фабрикасы – «AZALA Textile» ЖШС-і – өз атауын зауыт басшысының балаларына деген қамқорлығының нышаны ретінде алды. Өндіріс иесі кәсіпорынның атауын өзінің 5 қызының есімдерінің алғашқы әріптерінен құрды: Айсұлу, Зере, Аружан, Ләззат, Айшабибі.

Жылына 2800 тоннадан астам иірімжіп, дайын және қатты матаның 14 миллион метрін шығаратын өндірістік қуаты бар тоқыма комбинаты Шымкент қаласында орналасқан.

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы негізінде комбинаттың өндірістік қуаты кеңейтілді. Нәтижесінде бояу-өңдеу және тігін цехтары қосылды. Қайта жаңартудан кейін «AZALA Textile» ЖШС-і комбинаты еліміздегі мақта талшығын қайта өңдеуді және дайын мақта-мата бұйымдарын шығаруды қамтитын толық өндіріс циклі бар алғашқы өңдеу тоқыма кәсіпорны болды.

Бүгінде мақта-мата комбинаты өнімнің кең ассортиментін шығарады. Бұл-дайын өңделген маталар, түкті және вафельді сүлгілер мен ақжаймалар, төсек-орын жиынтығы, барлық стандартты өлшемдегі төсек-орын жабдықтары, сүлгілер, ақжаймалар, жастық тыстары, көрпе тыстары, балалар тоқымасы, сондай-ақ қатты иірімжіп (100% мақта), қатты маталар (100% мақта, тегіс, түкті, вафельді).

2015 жылы «AZALA Textile» ЖШС ел өңірлерінің арасында жеңіл өнеркәсіптің негізгі кәсіпорындарының бірі болып танылды және «Кәсіпкерлік саласындағы үздіктер» атты облыстық конкурста жеңімпаз атанды. Ал 2018 жылы «Үздік индустриялық жоба-2018» номинациясында «Алтын Сапа» Ұлттық сыйлығын алды.

«AZALA Textile» ЖШС-нің ұзақ мерзімді стратегиясы бәсекеге қабілетті өнімнің ассортиментін кеңейтуге және жоғары сапаға негізделген. Комбинат ел ішін және шетелдерді «Made in Kazakhstan» брендімен шығатын жоғары сапалы өніммен толтыра отырып, тоқыма нарығының жаңа сегменттерін дәйекті түрде игеруде.

Tags: 3 мегаполис«AZALA Textile»шымкентӨнеркәсіп
Previous Post

Шымкент: Екі тоқыма кәсіпорны арнайы экономикалық аймақ мәртебесін алды

Next Post

Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысты

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі