basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысты

Мамыр 3, 2021
in Жаңалықтар
0
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ауыл шаруашылығындағы қайта өңдеу саласы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету еліміздің экономикасында алатын орны ерекше екендігін ескерсек, оның қазіргі уақыт талабына сай дамуы үшін қаламызда атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.

2021 жылға жоспарланған жобалар аясында басқарма басшысы А.Қаныбеков бүгін жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорынның бірі «Алан и Компания» ЖШС-не барып, жұмыс барысымен танысты.

Айта кетсек, жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайтын бұл жоба бойынша құрылыс жұмыстарының 75 пайызы толығымен аяқталған, бүгінгі күні қайта өңдеуге қажетті техникаларды, құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде.

Ерекше айтып өтерлігі, қайта өңдеуші кәсіпорын жанында аумағы 45 гектар құрайтын қарқынды алма бауы егілген. Онда өсірілетін жемістер алдағы уақытта осында сақталып, өндірілетін болады.

Бұл жоба іске қосылғанда 7 тоннаға дейін жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеп, тосап (джем), шырын, пектин сияқты дайын өнімдер шығарылып, қаламызды сапалы өнімдерімен қамтамасыз етуде өз септігін тигізері сөзссіз.

Бұдан әрі басқарма басшысы А.Қаныбеков

«Керемет Сапа» ЖШС-не барып, егістік алқабының жұмысын бақылап, танысып қайтты.

Қаламыздағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру аясында Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мен «Керемет Сапа» ЖШС-мен бірлесе отырып, жұмыс жүргізу мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бірі картоп өнімін өсіру бойынша келіссөздер жүргізілді.

Бүгінгі таңда кәсіпорынның егістік алқабында картопты егу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, мұнда өсірілген картоп өнімі алдағы уақытта келісімшарт бойынша ірі сауда желілерінде, әлеуметтік дүкендерде және қала халқы тығыз орналасқан аумақтарда белгіленген шекті бағада сатылатын болады.

 

Tags: шымкент
Previous Post

Шымкенттегі «AZALA Textile» ЖШС-і - еліміздегі көшбасшы кәсіпорындар қатарында

Next Post

Шымкентте жалпы өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,5 млрд, теңгеге жеткен

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі