basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкентте 530 кәсіпкерлік жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілді

Сәуір 13, 2021
in Билік
0
Шымкентте 530 кәсіпкерлік жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілді
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің нақты саны – 69,9 мың. Оларда 166 мың адам жұмыспен қамтылған. Былтыр бұл сала 699,1 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда әжептәуір көп.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылдың қорытындысы бойынша 2 454 млн. теңгеге 530 жобаға қолдау көрсетілді. 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе артық (2019 жылы 2 224 млн. теңгеге 227 жоба).

Шағын кәсіпкерлікті дамытуға ең алдымен қаржылық қолдау берік негіз болатыны түсінікті. Сондықтанда аталған жобалардың ішінде банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 218 жобаға 1 491,2 млн. теңге, банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге 245 жобаға 672,8 млн. теңге, мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша 67 жобаға 289,9 млн. теңге бағытталды.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде шағын несиелендіру бойынша 1 062,1 млн. теңгеге 105 шағын несие берілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,8 есе артық (2019 жылы 618,1 млн. теңгеге 58 жоба).

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 88,1 млрд теңгеге 92 кәсіпорыннан өтініш түсіп, екінші деңгейлі банктер арқылы 36,8 млрд. теңгенің 57 жобасына қолдау көрсетілді. Мақұлданғандар ішінде мынадай ірі жобаларды атап өтуге болады: («KazAlPack» ЖШС – 19,2 млрд. тг, «Pioneer Grain Products» ЖШС – 3,0 млрд. тг, «Юникс» ЖШС – 1,5 млрд тг, «Шымкент қағазы» ЖШС – 1,1 млрд. тг, «Бал Текстиль» ЖШС – 1,0 млрд. тг.)

Tags: 3 мегаполисиндустриякәсіпкерлікшымкент
Previous Post

Шымкенттің білім саласы 5 басым бағытта жұмыс жасауда

Next Post

М.Әйтенов жіп иіру фабрикасының жұмысымен танысты

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі