basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент : Абай ауданында ауыз су мәселесі шешімін табуда

Мамыр 4, 2021
in Билік
0
Шымкент : Абай ауданында ауыз су мәселесі шешімін табуда
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2020 жылға дейін Абай ауданындағы кейбір шағынаудандар мен тұрғын алаптарында ауыз су мәселесі күрделі болды. 323 мыңға жуық халық тұратын 34 елдімекеннің оны ұңғыма және тасымалды суды пайдаланды.Атап айтқанда, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ, Ақтас-2 тұрғын алаптары мен Ынтымақ-2, Құрсай, Арғымақ, Солтүстік саяжайлары үшін тіршілік нәрі қиындық тудырды. Енді талайды толғандырған мәселе шешімін табуда. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында тұрғындарды ақжолтай хабар қуантты.
– 2018 жылы шалғай елдімекендерді инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жоспары жасалды, – дейді
аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Тілеш. Былтыр аудан аумағындағы 8 елдімекенді сапалы ауыз сумен қамту жоспарланған. Оның құрылыс жұмыстарына 8,4 млрд теңгеге жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттен 2020-2021 жылдарға қаржы бөлінген. Атап айтқанда Көкбұлақ, Игілік тұрғын алаптарына су құбыры тартылса, дәл қазір Қызылжар, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алаптарындағы құрылыс жұмыстары аяқталып, магистралды су жүйесіне қосу шаралары жүргізілуде.
Өткен жылы Жаңаталап тұрғын алабы, Ынтымақ -2 шағынауданының батыс аумағы, Ынтымақ-2, Жаңа Тұрлан, Нұршуақ шағынаудандарында да арнайы құрылыс жұмыстары басталған болатын. Биыл аудан аумағындағы 25 мыңға жуық тұрғын тіршілік нәрімен қамтылады деп күтілуде.
– Ауыз судың жоғы жайсыздық тудыратын. Дегенмен, аудан әкімшілігі тарапынан аптасына екі рет таза су жеткізіліп тұрды. Қазір елдімекендерге су құбыры тартыла бастады. Бұған ауыл болып қуандық, – дейді Ынтымақ-2 шағынауданының тұрғыны Мақпал Орақбаева.
Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілешұлы елдімекендерді инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуда маңызды рөл атқаратынын айтады.
Биыл Құрсай шағынауданын, 282, 283 орамдар мен Агрофирма Қарасу аумағын, Ақтас-2 тұрғын алабын, Арғымақ шағынаудандарын сапалы тіршілік нәрімен қамту жұмыстары жалғасуда. Оған 6,6 млрд. теңгенің жобалық құжаттары дайындалып, құрылыс жұмыстарына бюджеттен 3 млрд 653 млн теңге бөлінді.
Биыл Абай ауданына қарасты шағынаудандарға таза ауыз су келеді. Мұнан бөлек шалғайдағы елдімекендерде инфрақұрылым жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізіледі.

Tags: 3 мегаполисшымкент
Previous Post

Шымкент: «Асар-2» шағын ауданында ауыз сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде

Next Post

Шымкентте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 312 көше жарықтандырылады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі