basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттегі кәсіпорын макарон өнімдерін Орта Азияға экспорттайды

Тамыз 11, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттегі кәсіпорын макарон өнімдерін Орта Азияға экспорттайды
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы макарон өнімдерін шығаратын «БАРЫС 2007» ЖШС-і 2007 жылы құрылды. 2009 жылы кәсіпорынды іске қосу іс-шарасына Елбасы Н.Назарбаевтың өзі қатысқан болатын.

Жобаның ұйымдастырушысы, ауылшаруашылығы саласында және астық өңдеу саласында, диірмен және макарон өндірісін құруда үлкен тәжірибесі бар кәсіпкер – Мұқан Наимбеков.

Кәсіпорын Шымкент қаласы Тассай шағынауданында 3,25 га өндірістік алаң сатып алды. 2008 жылы компания төртінші (соңғы) буынды компьютерлендіру деңгейімен жабдықталған, осы салада әлемдік көшбасшы «PAVAN Mapimpiati SPA» итальяндық компаниямен келісімшарт жасасты. Бұл желінің өнімділігі мен IT-технологияларды қолдануы бойынша Қазақстан мен Орта Азияда аналогтары жоқ.

«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында цехтың өндірістік қуаты кеңейтілді. Қаражат – жаңа цех құрылысы, жабдықтар сатып алу, қоймаларды қайта құру және айналым қаражатын толықтыру үшін жұмсалды. Жобаны Халық Банкі қаржыландырды.

Кәсіпорынның жалпы сатылымының 20 %-ы экспортқа тиесілі. Өндіріс орнының алдағы жоспарларында экспорттық әлеуетті 35% – ға дейін арттыру көзделген.

Бүгінгі таңда «БАРЫС 2007» ЖШС – ТМД елдері мен Орта Азия өңірі нарығында үздік макарон өнімдерін өндірушілердің бірі. Заманауи, қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын. Кәсіпорынның ашылғанына көп уақыт өтпесе де, шығарылатын өнімнің жоғары сапасы елдің және жақын шет елдердің азық-түлік нарығында сұранысқа ие.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 3 мегаполис«БАРЫС 2007»«Бизнестің жол картасы -2020»макароншымкент
Previous Post

Тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың «Шаңырақ» бағыты арқылы баспаналы болуға мүмкіндігі бар

Next Post

Шымкент : «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында 544 жобаға қолдау көрсетілді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі