basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : 2 805 адам түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға қоғамдық жұмысқа жолданды

Мамыр 24, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент : 2 805 адам түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға қоғамдық жұмысқа жолданды
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында азаматтарды жұмыспен қамту – басым бағыттардың бірі. Шаһарда жастар практикасы бағытында уақытша жұмысқа орналасқан тұрғындардың бірі –  Жұлдызай Жамал.

Ол 2020 жылы Шымкент қаласындағы «SILKWAY» Халықаралық университетін бастауыш пәні мамандығы бойынша тәмамдаған.

Жоғары оқу орнын бітірген жас маман былтыр қалалық жұмыспен қамту орталығында «жұмыссыз» ретінде тіркеліп, көп ұзамай «Жастар практикасы» бойынша Д.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейіне  жолданды.

Содан соң, бағдарламаның мерзімі аяқталған соң, биыл ақпан айында аталған мектеп-лицейіне бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде «Қоғамдық көмекші» ретінде жұмысқа тартылып, тәжірибе жинақтауда.

– Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі мол. Оқу бітірген соң мамандығым бойынша «Жастар пратикасы», одан соң қазір «қоғамдық көмекші» ретінде уақытша жұмысқа орналастым. Жинаған тәжірибенің арқасында алдағы уақытта тұрақты жұмыс табатыныма сенімдімін, – дейді 23 жасар бағдарлама қатысушысы.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға мүмкіндігі бар азаматтар –  жұмыссыздар⠀(халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алмайтын жұмыссыздар),⠀денсаулыққа зиян келтірмейтін және оқу үдерісін бұзбайтын жұмыстарда жазғы демалыс кезеңінде студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары,⠀жұмыстың тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген азаматтар.

Уақытша жұмыс орны болып есептелінетін «Қоғамдық жұмыс» –жұмыскерді алдын-ала кәсіптік даярлауды талап етпейді және әлеуметтік бағытқа ие.

Айта кетсек, биыл қоғамдық жұмыспен 2 805 адам түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданды. Жоспар артығымен орындалып, уақытша жұмысқа жолдама беру әзірге тоқтатылған.

Tags: 3 мегаполисбизнестің жол картасыЕңбекжұмыспен қамтушымкент
Previous Post

Шымкент : Ауыл шаруашылығы саласында өсім байқалады

Next Post

Шымкент : Тамақ өнеркәсібі саласында өнім көлемі 15 пайызға артты

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі