basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 147 азаматқа жалдамалы тұрғын үйдің кілттері табыс етілді

Мамыр 24, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 147 азаматқа жалдамалы тұрғын үйдің кілттері табыс етілді
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында мамыр айында өткізілген комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, тұрғын үй кезегі келген 147 азаматты жалдамалы баспанамен  қамтылу туралы шешім шыққан болатын. Бүгінде 147 азаматқа қатысты  ішкі құжаттандыру жұмыстары аяқталып, тұрғындарға  пәтер кілті табысталды. Оның ішінде, 42 пәтер –  көпбалалы отбасыларға, 97 пәтер  – халықтың  әлеуметтік жағынан  әлсіз топ мүшелеріне, 8 пәтер – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға қолданысқа берілді.  Аталған көпқабатты тұрғын үйлер Тұран, Тұрлан, Асар 2 шағынаудандарынан бөлінген.

Жалдамалы баспанамен қамтылғандардың қатарында қала тұрғыны Құралай Тоқмұрзаева да бар. Ол 2014 жылы тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегіне көпбалалы отбасылар санаты бойынша кезекке тіркелген. Қала тұрғыны осы уақытқа дейін тұрғын үй кезегін үнемі егов электрондық порталы арқылы бақылап отырған. Көпбалалы ана 7 жылға жуық уақыт  бойы тұрғын үй кезегін сабыр сақтап, шыдамдылық танытып күткендігін жеткізді. Бүгінде жалдамалы баспанаға қол жеткізген отбасының қуанышында шек жоқ.

Тұрғындарға кілт табыстау шарасында каратиндік режимдердің барлық сақтық шаралары қатаң сақталған. Алдымен азаматтар кезек ретімен Тұрғын үй басқармасына келу арқылы келісім шарт құжаттамасына қол  қою жұмыстарын жүргізді. Ал пәтер кілттері қолданысқа берілетін тұрғын үйлердің бақылаушылары арқылы тұрғындарға жеткізілді.

Ағымдағы  жылдың сәуір айында тұрғын үйге мұқтаж азаматтар  кезегінде тұрған  161 азаматқа сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер қолданысқа берілсе,  алдағы уақытта 369 азаматтың пәтермен қамтылуы жоспарлануда. Ал 2020 жылы тұрғын үй кезегіндегі 392  азамат арендалық баспанаға қол жеткізген. Оның ішінде көпбалалы отбасылар, халықтың  әлеуметтік жағынан  әлсіз топ мүшелері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтар бар.  Бұдан бөлек 300 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға берілген.

Tags: 3 мегаполискөпбалалы отбасылартұрғын үйшымкент
Previous Post

Шымкент : Қосалқы станциялардың арқасында 70 мыңға жуық тұрғын сапалы электр энергиясымен қамтылады

Next Post

Шымкент : 34 мың бас малдан бруцеллезге қарсы қан сынамасы алынды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі