basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент : «Азат» тұрғын алабының инфрақұрылым мәселесі шешімін табуда

Мамыр 27, 2021
in Билік
0
Шымкент : «Азат» тұрғын алабының инфрақұрылым мәселесі шешімін табуда
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Азат» тұрғын алабына арнайы барып, ондағы тұрғындармен кездесті. Аудан тұрғындарын ауыз су, газбен қамту, жол және жер мен үйді заңдастыру мәселелері толғандырып отыр.

«Арыз-шағымдарыңызды ескере отырып, ең алдымен, газ, жарық және ауыз су мәселесін шешуді қолға алдық. Өздеріңіз көріп отырғандай жұмыстар жүргізілуде. Ал инженерлік коммуникациялардың құрылысы аяқталған соң жол салу жұмыстары да басталатын болады»,-деді әкім.

Бүгінде шағынауданда ауыз су жүйелері бойынша өткен жылы 192,2 млн теңге бюджет қаржысына құрылыс жұмыстары жүргізіліп, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Құбырларға ауыз су келіп тұр. Қазіргі таңда, құбырларды шаю, жуу және дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.

Ал, электр қуаты бойынша 10/0,4 кВ электр жүйелерінің құрылысына 2020 жылы бюджеттен 182,4 млн теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары атқарылды және нысан пайдалануға тапсырылды.

Бұдан бөлек, газбен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы бюджеттен қаралған 194,5 млн теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме биыл қыркүйек айына дейін құрылысты аяқтап, пайдалануға тапсыруды жоспарлап отыр. Жоба бойынша 510 тұрғын үй табиғи газбен қамтылады.

 

 

Tags: 3 мегаполисинфрақұрылымМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1299 азамат тұрғын үймен қамтылды

Next Post

Шымкент : «Азат» тұрғын алабындағы үйлердің жер телімдері заңдастырылады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі