basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент : «Азат» тұрғын алабындағы үйлердің жер телімдері заңдастырылады

Мамыр 27, 2021
in Билік
0
Шымкент : «Азат» тұрғын алабындағы үйлердің жер телімдері заңдастырылады
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Азат» тұрғын алабына арнайы барып, ондағы тұрғындармен кездесті. Ондағы тұрғындарды инфрақұрылыммен қатар жер мен үйді заңдастыру мәселелері толғандырып отыр. Тұрғындардың жер мен үйді заңдастыру бойынша айтқан мәселесін қала әкімі заң аясында шешілетінін жеткізді.

«Құрметті «Азат» тұрғын алабының тұрғындары! Мәселелер бірден шешімін таппайды. Барлық жұмыстар заң аясында жүргізілуі тиіс.  Өтініштеріңізді орындау үшін заңсыз шешім шығара алмаймын. Себебі ол шешімге қол қоямын, заң алдында жауаптымын. Өздеріңіз білесіздер, сіздер үй салған жер телімі жекенің меншігінде. Ол мәселені бір күнде шешіп тастау мүмкін емес. Жер иесімен келіссөздер жүргізілуде. Сондықтан барлық жағдайға байыппен қарап, сабыр сақтаған дұрыс. Біз, әкімдік ретінде Сіздер үшін қызмет жасаймыз, бірақ барлығы өз ретімен болады, осыны түсініңіздер»,-деді қала әкімі.

Аталған тұрғын алабы 2014-2015 жылдары Түркістан облысының Сайрам ауданынан қала аумағына қосылған. Ал 2017-2018 жылдары қала әкімдігі тарапынан тұрғын алабының жерлерін рәсімдеуге рұқсат берілген. Алайда тұрғындар құжаттарды рәсімдемей жеке меншік жер теліміне заңсыз үй салған.

Жалпы, «Азат»тұрғын алабы, Жаңақұрылыс аумағында орналасқан  29 үйдің ішінен 22 үйдің жер телімдерін заңдастыру жұмыстары Қаратау ауданы әкімдігі тарапынан жүргізіліп, құжаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Ал қалған 7 үйдің жер телімдерінің құжаттарын заңдастыру жұмыстары бір ай көлемінде шешімін табады деп күтілуде.

Бұл жұмыстарды жіті қадағалайтынын айтқан қала басшысы тұрғындарды заңға сүйеніп әрекет етуге шақырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисжер телімдеріинфрақұрылымМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент : «Азат» тұрғын алабының инфрақұрылым мәселесі шешімін табуда

Next Post

Шымкентте 316 көппәтерлі үй тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесіне көшті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі