basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкентте 316 көппәтерлі үй тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесіне көшті

Мамыр 28, 2021
in Билік
0
Шымкентте 316 көппәтерлі үй тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесіне көшті
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Бір үй – бір бірлестік – бір есепшот». Бұл – көппәтерлі үйді басқарудың жаңа принципі. Енді пәтер иелері кооперативі деген түсінік жойылып, мүлік иелерінің бірлестіктері құрылады. Оның негізінде тұрғындар өздері  барлық жөндеу жұмыстарына жауапты болып, жұмсалатын шығыстарды қадағалай алады.

2020 жылдың басында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реттейтін заңға түзетулер енгізілген болатын. Бұл өзгертулердің басты мақсаты – тұрғын үйлерді күтіп-ұстау. 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін пәтер иелерінің кооперативінен мүлік иелерінің бірлестігіне не жай серіктестікке өтуі қажет.

Шымкент қаласының әкімдігінде ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы М.Жүндібаев пен қала әкімінің орынбасары М.Исаховтың қатысуымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы реформалардың мегаполисте жүзеге асырылуы бойынша жиын өтті.

Мемлекет басшысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы реформаларды енгізу жөніндегі тарсырмасын орындау мақсатында қала әкімінің төрағалығымен 2 кеңес және қала әкімі орынбасарларының қатысуымен 8 кеңес өткізілді.  Бұдан бөлек, тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесін насихаттау мақсатында көппәтерлі тұрғын үйдің жиналысын өткізу бойынша қала аудандары бөлінісінде Жол картасы бекітілді. Карантиндік шектеулерге байланысты тұрғындармен кездесу онлайн немесе офлайн өткізілуде. Насихаттау жұмыстарының нәтижесінде қаладағы 59 көпқабатты үйде мүлік иелері бірлестігі және 257 үйде жай серіктестік құрылып, осылайша 316 көппәтерлі үй тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесіне өтті.

Шымкент қаласы бойынша жалпы тұрғын үй қоры 2236 көп қабатты тұрғын үйді құрайды. Оның ішінде коммуналдық тұрғын үй қоры 130 үйді құраса, тіркелген Кондоминиум объектілері – 1672, ал тіркелмеген – 434 үй көрсеткішті құрайды. Бұл жалпы тұрғын үй қорының 74,7% – ын құрайды

Tags: 3 мегаполисмақсұт исаховтұрғын үйшымкент
Previous Post

Шымкент : «Азат» тұрғын алабындағы үйлердің жер телімдері заңдастырылады

Next Post

Шымкентте жыл басынан бері 10 мыңға жуық қаңғыбас ит-мысықтар ауланған

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі