basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте тоқыма өндірісін дамытуда арнайы жобалар іске асырылуда

Мамыр 26, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте тоқыма өндірісін дамытуда арнайы жобалар іске асырылуда
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тоқыма және тігін өнеркәсібін дамытуға жағдай жасау және саладағы қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті тауарлар өндірісіне көшу алғышарттарын жасау мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі №1605 Жарлығымен Шымкент қаласында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Арнайы экономикалық аймақтың резиденттері 2030 жылға дейінгі мерзімге корпоративтік табыс салығын, мүлік және жер салығын, кедендік баждарды төлеуден босатылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы             19 ақпандағы №78 қаулысымен «ALLIANCE» С­­ӨК» ЖШС (бұрынғы «Ютекс» АҚ, «Ютекс KZ» АҚ, «Меланж» АҚ) және «Azala Textile» кәсіпорындарының аумақтары «Оңтүстік» АЭА-ның аумағына қосылды. Қазіргі кезде аталған кәсіпорындарға  «Оңтүстік» АЭА резиденті мәртебесі берілді.

Бүгінгі таңда, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында жеңіл өнеркәсіп саласында жалпы құны 32,6 млрд. теңгені құрайтын 22 жоба іске асырылды. Бұл жобалардың аясында 2282 жұмыс орындары құрылды.

«Оңтүстік» АЭА резиденттері болып табылатын бірқатар бірегей кәсіпорындар бар. Олардың қатарында: «Бал Текстиль» ЖШС – кілем және кілем бұйымдарын ірі қазақстандық өндірушісі; «Хлопкопромцеллюлоза» ЖШС – Қазақстандағы жалғыз целлюлоза өндірушісі; «АГФ Групп» ЖШС-сатып алынатын өнім көлемі бойынша әлемге әйгілі «IKEA» сауда маркасының ірі Қазақстандық серіктесі; «Әлем БТ» ЖШС- қазақстандық ірі шұлық фабрикасы; «Azala Cotton» ЖШС – мақта иірім жібін шығаратын фабрика; «AZALA Textile» – Қазақстандағы толық циклді жалғыз тоқыма фабрикасы және басқа кәсіпорындар.

Арнайы экономикалық аймақтың құрылуы, негізгі шикізат – мақтаның жақын болуы және жергілікті білікті мамандардың бар болуы жеңіл өнеркәсіп өндірістерін дамытуға мүмкіндік береді. Оған «Оңтүстік» АЭА аумағында әр түрлі сатысында іске асырылып жатқан 22 жоба (жалпы инвестиция құны 54,4 млрд. тг., 2036 жұмыс орындары құрайтын) дәлел бола алады.

 

Tags: 3 мегаполисинвестицияиндустрияшымкент
Previous Post

Шымкентте тауар өндірушілерге тиісті қолдаулар көрсетілуде

Next Post

Шымкенттегі кілем фабрикалары экспорт көлемін арттырып келеді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі