basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттегі кілем фабрикалары экспорт көлемін арттырып келеді

Мамыр 26, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттегі кілем фабрикалары экспорт көлемін арттырып келеді
0
SHARES
22
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда кілем және кілем бұйымдарын өндіруші ірі 2 фабрика бар. Ол Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан «Бал Текстиль» ЖШС және «Назар Текстиль» ЖШС фабрикалар.

«Бал Текстиль» ЖШС – қазақстандық кәсіпкерлер мен «Kartal Carpets» түрік компаниясымен бірлескен жобасы. «Kartal Carpets» – Түркия Республикасындағы кілем өндірісінің алғашқы ондығына кіретін тауарлардың ірі экспорттаушысы.

Фабрика «Оңтүстік» АЭА аумағында 2013 жылдан бастап жұмыс істейді. 2015 жылы синтетикалық иірімжіпті өндіру бойынша екінші жобасын іске қосты. Бұл өз кезегінде өнімнің өзіндік құнын 20%-ға арзандатуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, 2019 жылдың қаңтарында кілем және кілем бұйымдарын өндіру бойынша үшінші жобасын іске қосты.

Кілемдер мен кілем бұйымдары «BCF», «Heat-Set» маркалы синтетикалық полипропилен жіптерінен жасалады. Өнім «TURAN», «Хан Тәңірі», «Алатау», «Bars», «Сарыарқа», «Ұлытау», «Алаш», «Отырар» және т.б. сауда маркаларымен шығарылады. Шикізат Бангладеш, Иран, Түркия, Малайзия, Қытай сияқты түрлі елдерден әкелінеді. Фабрика «Vandewiele» (Бельгия), «TEXTIMA EXPORT IMPORT GMBH» (Германия), Neumag (Германия), «Superba» (Германия), «Volkmann» (Германия) компанияларының ең сапалы жабдықтарымен жабдықталғандықтан, шығарылатын өнімдер әлемдік деңгейдегі сапаға ие.

Жобаның жалпы құны – 11,2 млрд. теңгені құрайды. Кәсіпорын жылына  6 млн.шаршы метр кілем және кілем бұйымдары мен 4 мың тонна синтетикалық жіпті өндіре алады.  Бүгінгі таңда кәсіпорында 219 адам жұмыс істейді.

«Бал Текстиль» ЖШС өнімдері ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар, ТМД, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Еуропа елдеріне экспортталады.

«Назар Текстиль» ЖШС  фабрикасы 2014 жылдан бастап кілем және кілем бұйымдарын өндіре бастады.

Жобаның жалпы құны – 1,8 млрд. теңгені құрайды. Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы – 2,3 млн.шаршы метр кілем және кілем бұйымдарын өндіре алады.  Бүгінгі таңда кәсіпорында 100 адам жұмыс істейді.

Фабрика бельгиялық «VandeWiele» заманауи кілем тоқу жабдықтарымен жабдықталған. Дайын өнім бүгінде Қазақстан Республикасының аумағында сатылуда.

2023 жылы «Назар-Текстиль» ЖШС кілем фабрикасында кілемдер мен кілем бұйымдарын дайындауға арналған ВСF, Heat-set, Frize сапалы полипропилен иірімжібін өндіру жөніндегі цехты пайдалануға беру жоспарлануда, бұл компанияға кілем тоқу станоктарының қуатын толық пайдалануға мүмкіндік береді, ал кейіннен сатып алушылар үшін кілем мен кілем бұйымдарының бағасын айтарлықтай төмендетуге ықпал етеді. Дизайнерлердің күнделікті күш-жігерімен кілемдердің жаңа коллекциялары жасалады, олар әрқашан өзекті, талғампаз және кез-келген талғамға ие.

Tags: 3 мегаполисинвестицияиндустрияинфрақұрылымшымкент
Previous Post

Шымкентте тоқыма өндірісін дамытуда арнайы жобалар іске асырылуда

Next Post

Шымкентке биыл 4 айда 59,7 млрд теңге инвестиция тартылды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі