basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентт: «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіптік оқыту курстары басталады

Маусым 5, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентт: «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіптік оқыту курстары басталады
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 1 бағыты бойынша 3 айлық кәсіптік оқыту курстары маусым айының соңында басталады деп жоспарлануда.

Қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдауында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшылығына азаматтардың арнайы білім алып, жұмыспен қамтылуын қадағалауды тапсырды. Өйткені, қабылдауда болған бірқатар азаматтардың өтініштері жұмысқа орналасу және атаулы әлеуметтік көмек мәселелеріне байланысты болды.

Биыл қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 30-дан астам тиісті мамандықтар тізбесі бекітілді. Олар –  дизайнер, кондитер, тігінші, автоэлектрик,тас қалаушы, кран машинисті,визажист,шаштараз шебері, аспаз және т.б. мамандықтар. Қатысушыларға ай сайын 17 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді.

Тегін оқу курстарына қатысу үшін жергілікті мекенжай бойынша Жұмыспен қамту орталығына тиісті құжаттарды тапсыру қажет. Қысқа  мерзімді кәсіптік оқытудың басталуы туралы мамандар алдын ала арнайы хабарлайтын болады. Оқу мерзімі – үш ай. Оқуға 18 жастан зейнет жасына дейінгі жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Дәріс беру аптасына 6 күн, 6 сағаттан жүргізіледі.Тәмамдаған соң арнайы сертификат беріледі.

Жалпы, жыл соңына дейін 2500-ден астам азаматты оқуға жолдау жоспарлануда. Былтыр 2000-ға жуық адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды бітіріп, нәтижесінде 1590 адам жұмыспен қамтылған.

Қабылдауда сондай-ақ, баспана мәселесіне қатысты 10-ға жуық азаматтың өтініші тындалды. Өкінішке қарай, кейбірі тұрғын үй кезегіне мүлдем тіркелмеген болса, бірі жақында ғана кезекке тұрған. Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан  баспана белгіленген тәртіппен кезек арқылы беріледі. Сонымен қатар, жеңілдетілген несие бағдарламалары негізінде тұрғын үймен қамту мүмкіндіктерін қарастыруға болады. Бұл ретте Ерғали Дәулетбекұлы әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді.

Tags: 3 мегаполис«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасыкәсіптікшымкент
Previous Post

Шымкент : Инвестициялық штабтың отырысында алдағы жоспарлар айқындалды

Next Post

Шымкент : Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысының сапасы тексерілді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі