basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент қаласында 7 негізгі макрокөрсеткіштер бойынша оң өсім байқалды

Маусым 13, 2021
in Билік
0
Шымкент қаласында 7 негізгі макрокөрсеткіштер бойынша оң өсім байқалды
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2021 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары жария етілді.

Ұлттық экономика министрі Әсер Ерғалиев Қазақстан экономикасы оң өсім көрсетіп отырғанын атап өтті.

Әсет Арманұлының айтуынша, құрылыс секторында жоғары өсім байқалды. Атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 11,3 пайызға ұлғайған. Бұл ретте Шымкент қаласында құрылыс 15,3 пайызға артқан.

Биылғы қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша республикада 4,6 млн шаршы метр (12,5 пайызға артты) пайдалануға берілді. Ең жоғарғы өсім Шымкент қаласы, Атырау және Павлодар облыстарына тиесілі.

Шымкент қаласында тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 70,9 пайызға артқан.

Ал қаңтар-мамыр айларының қорытындылары бойынша Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласы барлық 7 негізгі макрокөрсеткіштер бойынша әлеуметтік-экономикалық даму өсімін қамтамасыз етті. Яғни, үшінші мегаполисте қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру, сауда, көлік және жеке инвестиция салаларында жоғары өсім бар.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне мемлекеттік органдармен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, азық-түлік өнімдерін өндіруді ынталандыру және ішкі нарықты толықтыру бойынша пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисАуыл шаруашылығыинвестицияМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкенттегі Республика даңғылында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Next Post

Ауыл шаруашылығы : Шымкентте көктемгі егіс жұмыстары толығымен аяқталды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі