basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы : Шымкентте көктемгі егіс жұмыстары толығымен аяқталды

Маусым 13, 2021
in Жаңалықтар
0
Ауыл шаруашылығы : Шымкентте көктемгі егіс жұмыстары толығымен аяқталды
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде көктемгі егіс жұмыстары толығымын аяқталды. Бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында көктемгі дала жұмыстарының қорытындылары жария етілді.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, егіс алқабы 78,2 мың гектарға ұлғайтылып, жалпы 22,7 млн га алқапқа егін егілді. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 15,7 млн га алқапты құрайды.  Майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га (+11,9 мың га), жем-шөп дақылдары алқабы 3,4 млн га (+104,2 мың га), көкөніс-бақша дақылдары алқабы 275,2 мың га (+10,6 мың га), картоп алқабы 198 мың га дейін (+5,8 мың га) ұлғайтылды.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне нарықтық бағадан 14 %-ға төмен бағамен 380 мың тонна дизель отыны бөлінді. Бұл ретте мемлекет ауыл шаруашылығы өндірушілерінің тыңайтқыштар мен пестицидтерді сатып алуға жұмсаған шығындарының 50%-ына дейін субсидиялайды.

Шымкент қаласында да көктемгі дала жұмыстары оңтайлы жүргізілді. Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, қалада жалпы 29,3 мың гектар жерге көктемгі егін егу жұмыстары аяқталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 мың гектарға артық (2020 жылы – 27,9 мың гектар). Атап айтқанда, дәнді-дақылдар (бидай, арпа, жүгері) – 12,9 мың га, майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) – 3,8 мың га, көкөніс пен бақша – 3,0 мың га,  ал мал азықтық дақылдар – 8,9 мың га егілді.

Нәтижесінде биыл жиналатын өнім көлемі 73 мың тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 13,7 мың тоннаға артады.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 1 мың тонна жанар – жағармай бөлініп, қаладағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өтініштері бойынша 257,5 тоннасы босатылды. Дала жұмыстарына 1 700-ден астам  техника тартылды.

 

 

Tags: 3 мегаполисагроөнеркәсіпАуыл шаруашылығыкәсіпкерлікшымкент
Previous Post

Шымкент қаласында 7 негізгі макрокөрсеткіштер бойынша оң өсім байқалды

Next Post

Инфрақұрылым : Шымкент көшелерін жарықтандыру жобасы жалғасуда

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі