basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент : «Асар-2» шағын ауданы кәріз жүйесімен қамтылады

Маусым 13, 2021
in Билік
0
Шымкент : «Асар-2» шағын ауданы кәріз жүйесімен қамтылады
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімінің шалғай елді мекендердегі инфрақұрылым мәселелерін жүйелеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов аудан аумағындағы «Асар-2» шағын ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесуде тұрғындардың шағын аудандағы ауыз су, табиғи газ, кәріз жүйесі, сапалы электр жарығымен қамту және шағал тас төсеу бойынша мәселелеріне толыққанды жауап берілді.

Аудан әкімі «Асар-2» шағын ауданының инфрақұрылым мәселесін жүйелеу мақсатында атқарылып жатқан және алдағы уақытта жоспарланған жобалар мен жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті. Шағын ауданды ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 156,1 шақырым ішкі орамдық жүйелерінің құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамырында басталды. Жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Қамтылатын жалпы абонент саны – 2 765.

«Ремстрой Алматы» ЖШС шағынауданды электр жарығымен қамту бойынша жұмыстар атқаруда. Қамтылатын жалпы абонент саны – 2 723. Ал табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша 50,4 шақырым ішкі орамдық жүйлерінің құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталды. Құрылысқа жауапты мердігер мекеме – «Отау Строй» ЖШС.

Сондай-ақ, «Асар-2» шағын ауданын кәріз жүйелерімен қамту бойынша «Монолит – Дизайн – 2030» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты келер жылы аяқтау жоспарлануда.

Шағын ауданда 48,6 шақырым 38 көше бар. Оның ішінде 4,9 шақырым жолды асфальттау бойынша «Север-Юг» ЖШС құрылыс жұмыстарын атқару үстінде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисАсар 2инфрақұрылымшымкент
Previous Post

Ауыл шаруашылығы : Шымкентте үйірлі шегірткелерге қарсы күрес шаралары басталды

Next Post

Шымкент : Әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға ай сайын қаржылай қолдау көрсетілуде

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі