basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : Әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға ай сайын қаржылай қолдау көрсетілуде

Маусым 13, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент : Әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға ай сайын қаржылай қолдау көрсетілуде
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қорғау – басым бағыттардың бірі. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан әлеуметтік қамсыздандыру бағытында жылдан-жылға ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтар санатына Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, сондай-ақ оларға теңестірілген азаматтар; I ,ІІ және III топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары; көп балалы немесе аз қамтамасыз етілген отбасылар; заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар; жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер және кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған 18 жасқа жетпеген жетім балалар жатады және т.б. азаматтар кіреді.

Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, Шымкентте 125-тен астам 80 жастан асқан жалғызілікті қарияларға  2 АЕК, яғни  5834 теңгеден ай сайын қаржылай көмек беріледі. Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымның тізіміне сәйкес, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға 5 АЕК, яғни,  14 585 теңгеден ай сайын қаржылай көмек төленеді.

Мамандандырылған иммунды жұқтырған В-20 ауруымен ауыратындарға 24 АЕК яғни, 70 008 теңгеден ай сайын қаржылай көмек көрсетілуде. Кәмелетке жасқа толмаған ата-аналарынан айырылған 18 жасқа дейінгі 794 балаға 20 АЕК яғни,  58 340 теңгеден бір реттік ақшалай көмек төленеді.

Шымкент қаласында жалпы ай сайынғы және бір реттік  жүргізілетін қаржылай көмектердің 13 түрі жүзеге асырылуда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполискәсіпкерлікшымкентәлеуметтік
Previous Post

Шымкент : «Асар-2» шағын ауданы кәріз жүйесімен қамтылады

Next Post

Шымкентте биыл 113 нысанның құрылысы жоспарланған

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі