basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкентте биыл 113 нысанның құрылысы жоспарланған

Маусым 13, 2021
in Билік
0
Шымкентте биыл 113 нысанның құрылысы жоспарланған
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов @akimat_shymkent инстаграм парақшасында тікелей эфирде сұхбат берді. Эфирде басқарма басшысы құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың  барысы  туралы айтты.

Биыл миллионды қалада 113 нысанның құрылысы жоспарлаған. Олардың ішінде 79 тұрғын үй (4832 пәтер, 281,1 мың ш.м.), 15 инженерлік инфрақұрылым нысандары, 11 білім беру нысаны,  2 абаттандыру нысаны, 3 мәдениет,1 төтенше жағдай, 2 спорт кешені бар.

– Құрылыс саласында негізгі басымдық көпқабатты тұрғын үйлер құрылысына беріліп отыр. Құрылыс «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жүргізілуде.  Қазіргі таңда тұрғын үй құрылысы Тұран шағын ауданы мен Әкімшілік-іскерлік орталығында атқарылып жатыр. Онда биыл 61 тұрғын үйдің (3848 пәтер) құрылысы жүргізіледі (49 үй кредиттік, 12 үй арендалық). Қалған 32 үйдің құрылысы 2022 жылға өтпелі. Ал Әкімшілік-іскерлік орталығында 6 арендалық үйдің (336 пәтер) құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  Биыл толық пайдалануға тапсырылады. Сонымен қатар, 8 коммуналдық тұрғын үйдің (432 пәтер) конкурсы аяқталып, мердігері анықталып, оның құрылысына дайындық жұмыстары басталып кетті. Сондай-ақ, Арғынбеков көшесіндегі 4 кредиттік тұрғын үйдің (216 пәтер) құрылысы жалғасып жатыр. Пайдалануға тапсыру мерзімі тамыз-қараша айларына жоспарланған, -деді басқарма басшысы.

Инженерлік инфрақұрылым нысандары бойынша бұл жылы 15  нысанда құрылыс жүреді. Жыл соңына дейін 6 нысан пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 1 920 орынға арналған 4 мектеп пайдалануға  тапсырылады. Ал құрылысы жаңадан басталатын 7 нысанның конкурсы аяқталып, мердігерлері анықталды.

Одан бөлек, қолданыстағы мемлекеттік зоологиялық саябағын қайта құру, «Бозарық-3 шағын ауданындағы, ауыр атлетикадан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандырылған спорт мектебін салу, «Қ.Мұнайтпасов атындағы орталық стадионын қайта құру», «Мәдениет орталығы» сияқты жобарлар жүзеге аспақ.

 

 

Tags: 3 мегаполисинфрақұрылымтұрғын үйшымкент
Previous Post

Шымкент : Әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға ай сайын қаржылай қолдау көрсетілуде

Next Post

Шымкентте тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланып отыр

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі