basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент : Шағын аудандарда 11 базалық станция орнатылды

Маусым 16, 2021
in Билік
0
Шымкент : Шағын аудандарда 11 базалық станция орнатылды
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында интернет сапасы төмен 30 тұрғын алап анықталып, оларға оптикалық желі тарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов баспасөз брифингінде цифрландыру бағытындағы жұмыстардың қорытындысы бойынша мәлімдеді.

Әкім орынбасарының айтуынша, қаланы сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар үш кезеңге бөлінген. Бірінші кезең бойынша қазіргі таңда қаладағы шағын аудандар мен тұрғын алаптар аумағына 11 базалық станция орнатылды. Алтынтөбе, Көкбұлақ, Солтүстік-Батыс және Достық (Солтүстік саяжай) тұрғын алаптарында, Асар, Асар2, Шымсити, Шымсити-2, Тұран және Ақтас-2, Айкөл шағын аудандарында базалық станциялар толық іске қосылды.

Биыл екінші кезең бойынша 14 жер қарастырылып, 8 орынға жеке инвестор қаражаты есебінен антенна-матчталық құрылғыларға мобильді байланыс операторларының базалық станцияларын орнату жоспарлануда. Олар – А2 трассасы, Әуежай маңы, Солтүстік-Батыс, Қайнарбұлақ (саяжай алабы), Тассай, «Құрсай, Р32 трассасы, Ынтымақ (Тұрлан) шағын аудандары. Қалған 6 елді мекенге (Абдулабад, Забадам, 226 орам, Асар, Самал-3, Достық шағын аудандары) мобильді байланыс операторлары тарапынан коммерциялық нысан иелерімен келісу арқылы базалық станциялар орнатылады.

Қазіргі кезде «Digital Elements» ЖШС-і Көкбұлақ, Тассай, Таскен, тұрғын алаптарындағы 4 көшеге (400 үйге) кабел жүргізіп, сондай-ақ, «I-LinkNet» ЖШС тарапынан Ақжайық шағын ауданындағы 1 көшеге (158 үйге) кабел жүргізу жұмыстары басталып, тұрғындардан интернет желісіне қосылуға нақты өтінімдер қабылдануда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 3 мегаполисинтернетинфрақұрылыммақсұт исаховшымкент
Previous Post

Инфрақұрылым : Шымкентте биыл 153 шақырым топырақ көшелерге тас төселеді

Next Post

Шымкент : «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2500 адам қысқа мерзімді оқуға жолданады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі