basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мемлекеттің қолдауымен жеке кәсібін ашты

Маусым 23, 2021
in Жаңалықтар
0
Мемлекеттің қолдауымен жеке кәсібін ашты
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекеттің қолдауымен өз ісін бастап, кәсібін жүргізіп жатқан жерлестеріміз аз емес. Тың идеясын ұсынып, бизнес-жоспарын қорғаған жандарға 200 айлық-есептік көрсеткіш көлемінде грант беріледі. Ол нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Осындай қолдау шараларының шарапатын көрген жанның бірі – Шымкент қаласының тұрғыны Гүлнұр Сейітханова. Көп балалы ана саз-балшықтан қыш құмыралар жасайды. «Бастау бизнес» жобасы аясында 21 күндік оқу курсына қатысып, сертификатымен ерекше бизнес-жоспарына грант алған жерлесіміз 2020 жылдың соңында 555 650 теңге көлемінде грантқа ие болған. Айтуға оңай болып көрінгенімен, «грантты ұтып алудың өз қиындығы болды», – дейді кейіпкеріміз.
– Біздің оқуымыз пандемия күшейіп тұрған кезге тура келді. Сабақтың барлығы онлайн өтті. Оның үстіне, менікіне ұқсас жоба кең таралмаған. Оқытушылар «нарықтағы өз бәсекелестеріңізді зерттеп, өз жоспарыңызды жақсартыңыз» деген кезде зерделейтін ешкімді таппадым. Дайын бизнес-жоспарлардың үлгісі де болмады. Сондықтан, өз идеямды расында да қорғап, тер төгіп, грантқа еңбекпен қол жеткіздім деп айта аламын, – дейді Гүлнұр Сейітханқызы.
Қаржыға қол жеткізген соң шебер дереу шетелден қажет құрылғыларға тапсырыс береді. Дегенмен, карантин шектеулеріне байланысты заттары кешіккесін жұбайы Қазақстаннан іздеп жүріп қажет құрылғылар тауып беріпті. Негізгі құрал-саймандары келгенше солармен жұмыс істеуге тура келген.
Былтырдан бері кәсібін бастаған Гүлнұрдың басқа жандардан бір өзгешелігі – балалар терапиясымен де айналысқан. Нақты айтқанда Шымкеттегі мүмкіндігі шектеулі балаларға оңалту орталығында жарты жылдай арт-терапия жүргізеді. Шебердің бұл бағытты таңдауының өз себебі бар.

Tags: 3 мегаполискәсіпкерлікмемлекеттік қолдаушымкент
Previous Post

Иновация : Шымкенттегі қоғамдық орындарға 30 Wi-Fi құрылғысы орнатылды

Next Post

Кәсіпкерлік : Шымкентте «Ашық» жобасына қатысу үшін 1148 өтінім берілді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі