basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кәсіпкерлік : Шымкентте «Ашық» жобасына қатысу үшін 1148 өтінім берілді

Маусым 23, 2021
in Жаңалықтар
0
Кәсіпкерлік : Шымкентте «Ашық» жобасына қатысу үшін 1148 өтінім берілді
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында 2021 жылдың 26 сәуірінен бастап «Ashyq» мобильдік қосымшасы іске қосылған болатын.

Жоба 1-деңгейге шектеулерді әлсірету жолымен шағын бизнеске шектеу шаралары кезеңінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мысалы, «қызыл» аймақтағы кәсіпорынға «сары» аймақтың қағидалары бойынша індетті жұқтырғандар мен олармен қатынаста болғандарды кіргізбей, жұмыс істеуге рұқсат етіледі (кеш уақыттары,демалыс күндері және т.б.)

2021 жылғы 22 маусымдағы жағдай бойынша «Ashyq» жобасына қатысу үшін қала бойынша 1148 өтінім берілді (оның ішінде 31 ерікті қатысушы – қонақ үйлер, университеттер, түзеу мекемелері, әскери бөлімдер, ХҚКО, хайуанаттар бағы, цирк, денсаулық сақтау басқармасы, полиция департаменті, Шымкент қаласының соты).

Қала бойынша барлығы 649 QR код берілді. Шымкент қаласы әкімдігінің сайтында оның 574-і орналастырылған.

Мобильдік қосымша Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған (Ұлттық сараптама орталығы, бірыңғай ПЦР-зерттеулер порталы, COVID-19 бақылау орталығы, жекеше ПЦР-зертханалар, Президент Іс-Басқармасының Медицина орталығы) және ПЦР-тестер мен санитарлық-эпидемиологиялық зерттеулер деректерін пайдаланады.

Ғимаратқа кірер алдында қолданушы смартфонмен QR-кодты сканерлейді (немесе жеке куәлігін ұсынады) және өзінің мәртебесін көрсетеді. Ақпараттық жүйелермен салыстырып тексеру негізінде сіздің мәртебеңіз анықталады: «қызыл» – ПЦР-тесттің оң нәтижесі, «сары» – қатынаста болған, «көк» – ПЦР-тест міндетті болып табылатын орындарды қоспағанда еркін жүріп-тұру, «жасыл» – ПЦР-тестің теріс нәтижесі.

Техникалық қолдау қызметі бойынша азаматтар үшін 14-14, бизнес үшін 14-32 байланыс қызметі жұмыс істейді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполис«Ашық» жобасыкәсіпкерлікшымкент
Previous Post

Мемлекеттің қолдауымен жеке кәсібін ашты

Next Post

Шымкент : Қызыл су тұрғын алабындағы ауыз су мәселесі шешімін тапты

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі