Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының 2021 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың есебін баяндады.
2021 жылдың 6 айында қалалық тілдерді дамыту-әдістемелік орталығында 56 топ ұйымдастырылып, ондағы 726 тіл үйренушінің 409-ы қазақ тілін, 61-і орыс тілін, 256-сы ағылшын тілін, 97-і латын әліпбиінің курсын оқып шықты. Тіл үйренушілердің 178-і мемлекеттік қызметші болса, 548-і бюджеттік саланың азаматтары.
2021 жылдың І-жартыжылдығында мемлекеттік сақтауда тұрған архивтік құжаттарды цифрлік таңбаға көшіру үшін Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде арнайы «Автоматтандырылған архивтік технологиялар, ақпараттық желі мен деректер қорын құру» бөлімі ашылып, тиісті мамандармен жасақталды.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығында мемлекеттік сақтауда тұрған құжаттардың 106 255 парақ саны цифрлы таңбаға көшірілді
Биыл 10 кітапханаға жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 3 кітапхана ашылып, тағы 3 кітапхана шілде айында модернизациядан өтеді. Ал ІІ-кезеңде 4 кітапхананы жаңғырту жоспарланып отыр.
1 мамыр күні қалада «Этноауыл» кешені ашылды. Қазіргі таңда кешенде рухани мәдени мұраны насихаттау бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, халық назарына ұсынылуда. Көрме орталығында 9 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, 5 көрме жәрмеңкесі өтті.
Басқарма жалпы 6 бағыттағы нысаналы индикаторлар бойынша жұмыс істейді. Есепті кезеңде кітапханаға келушілер – 42 мың 605, театрға келушілер – 31 мың 501, музейге келушілер – 3 мың 722, концерттік ұйымға келушілер – 7 мың 930, циркке келушілер – 3 мың 690 және зоосаябаққа келушілер саны –168 мың 160 адамды құрады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі