basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Инфрақұрылым : Шымкентте 175 білім беру мекемесінің ғимараты ағымдағы жөндеуден өтеді

Шілде 1, 2021
in Жаңалықтар
0
Инфрақұрылым : Шымкентте 175 білім беру мекемесінің ғимараты ағымдағы жөндеуден өтеді
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өңірдің даму стратегиясы аясында әлеуметтік салаларда атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингін  өткізді.

Шыңғыс Жұмабекұлы 6 айда білім, денсаулық сақтау, ішкі саясат, мәдениет салаларында жүзеге асқан жұмыстарды қорытындылады.

Шымкент қаласының білім саласына 2021 жылға 135 002,1 млн теңге бөлініп, алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 84,3 %-ға артып отыр.

Қалада 2017-2021 жылдар аралығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 100-ге артты. Сәйкесінше, 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеумен қамту пайызы 5,7 %-ға ұлғайған.

Кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 11 қосымша білім беру мекемесінде 20 061 тәрбиеленуші бар. Қосымша біліммен қамту көрсеткіші – 74%. Жалпы 157 882 оқушыны құрайды. Спорт басқармасына қарасты 24 спорт мектепте – 15 341 (7,1%). Білім басқармасына қарасты қосымша білім беру, мектеп жанындағы үйірмелер есебінен – 142 541 (67%).

Биыл қосымша 23 робототехника кабинеті, 4 технопарк және бизнес инкубаторлар ашылды.

Қала әкімінің бірінші орынбасарының айтуынша, 2021 жылы 175 мекеме ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын (ақтау, сырлау) жүргізу үшін 330 млн 600 мың теңге қаржы қаралып, 85 %-ның мердігері анықталды. Жөндеу жұмыстары басталуда.

Білім беру мекемелерінің жылыту жүйелерін жөндеу, қысымдау жұмыстарына 74 млн 300 мың теңге  қаралды. Жөндеу жұмыстарын тамыз айына дейін жүргізу жоспарлануда.

Қалада 16 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Ағымдағы жылы 1 мектепке (№14 жом) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы қаралып, бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, шаһарда білім беру ұйымдары 100 % бейнебақылау камераларымен қамтылған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисинфрақұрылымшымкентШыңғыс Мұқан
Previous Post

Иновация : Шымкентте 3 кітапхана шілде айында жаңғыртудан өтеді

Next Post

Шымкент әкімі Асар-2 шағын ауданындағы инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын аралады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі