basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте биыл 600-ге жуық азамат «Бақытты отбасы» жобасы аясында баспаналы болады

Шілде 13, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте биыл 600-ге жуық азамат «Бақытты отбасы» жобасы аясында баспаналы болады
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағытымен  тұрғын үй кезегінде тұрған  589 азамат несиелік баспанаға қол жеткізеді. Аталған бағыт бойынша 2020 жылға бөлінген лимит негізінде «Отбасы банк» өзінің интернет ресурстары арқылы өтінімдерді қабылдауды ағымдағы жылдың  26 мамырына  дейін жүргізген болатын. Қазіргі таңда аталған банк арқылы негізгі және резервтік тізім қалыптастырылып, азамттардың төлем қабілеттілігін тексеру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелік бағытта баспана алуды көздеген азаматтарға бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жабу үшін  тұрғын үй сертификаты белгіленген шекте берілмек.

Мемлекеттен қолдау тапқан  «Бақытты отбасы» бағытына тұрғын үй кезегінде тұрған  «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған,      сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, толық емес отбасылар және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады.

Бағдарлама арқылы жылдық мөлшері 2 пайыздан аспайтын алғашқы жарна 10 пайызбен, 20 жылға жаңа және екінші нарықтағы тұрғын үйлерді сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Егер азаматтардың  ай сайынғы табыс көзі жетпей жатқан жағдайда, туысы немесе жақыны  кепіл бола алады.

Айта кету керек, биыл бұл бағытқа қатысуға үлгермей қалған тұрғын үй кезегінде тұрған жоғарыда аталған толық емес, көпбалалы және мүгедек бала асыраушы отбасылар  санатындағы азаматтар 2022 жылға  бөлінетін лимитке сәйкес «Отбасы банк»  арқылы келесі жылы  өтінім  тапсыра алады.

Шымкент қаласы әкімлігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполис«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасытұрғын үйшымкент
Previous Post

Шымкент : «Ынтымақ-2» шағын ауданында инфрақұрылым мәселесі шешімін табады

Next Post

Шымкентте жұмыспен қамту орталығының барлық аудан бөлімшелерінде кәсіптік оқыту бөлімдері қызмет көрсетуде

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі