basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жұмыспен қамту орталығының барлық аудан бөлімшелерінде кәсіптік оқыту бөлімдері қызмет көрсетуде

Шілде 13, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жұмыспен қамту орталығының барлық аудан бөлімшелерінде кәсіптік оқыту бөлімдері қызмет көрсетуде
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімдігі жұмыспен қамту орталығының 4 ауданда орналасқан бөлімшелерінде кәсіптік оқыту бөлімдері қызмет көрсетуде. Аталған бөлім мамандары жұмыссыз жүрген тұрғындарға жол сілтеп, білім алуға көмек береді.  Сондай-ақ оқуын тәмамдаған азаматтарға еңбек нарығының сұранысына сай  бос жұмыс орнына орналасуға мүмкіндік береді.

Солардың бірі 25 жастағы қала тұрғыны Меруерт Билкасимова. Ол  қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсын жүргізетін «GOLD» консалтинг  мекемесінде «бақылаушы-кассир» мамандығын игеруде. Қазіргі уақытта бұл мекеме  75 азаматқа тегін білім беруде.

– Мен ұзақ уақыт бойы  жұмыссыз, үйде бала тәрбиелеумен  отырған болатынмын. Енді, биыл кәсіптік оқу курстарының бар екендігін біліп, қатысып көруді жөн көрдім. Қолыма куәлікті алған соң, өз кәсібімді ашсам деген ниетім бар,-деді Меруерт Билкасимова.

Айта кетейік, Шымкентте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының І бағыты шеңберінде биыл 3 айлық кәсіптік оқыту курстарына  2500  азамат жолданды. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның шешімімен олар 29 білім беру ұйымдарында оқу-курстарынан өтуде. Еңбек нарығының сұранысына сәйкес 30-дан астам қажетті мамандықтар бойынша 3 ай мерзімге  оқытылатындығы бекітілген.  Қатысушыларға ай сайын 17 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Оқуға 18 жастан зейнет жасына дейінгі жұмыссыз азаматтар қатыса алады және қорытындысы бойынша арнайы сертификат беріледі.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполис«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасыМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте биыл 600-ге жуық азамат «Бақытты отбасы» жобасы аясында баспаналы болады

Next Post

Құрбан шалу – байға міндет, кедейге көмек...

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі