Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыта отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру ісін жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 9 спорт және балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды.
Аудан әкімі Рашид Мыңбаев нысан құрылысының барысын тексеру үшін Отырар шағынауданындағы №№ 11, 12, 13/1, 13/А көп қабатты үй аулаларында салынып жатқан алаңшаларды көрді. Онда тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныстары мердігер мекеме тарапынан ескерілетіндігін түсіндірді.
Жыл соңына дейін Әл Фараби ауданында жаңа 27 спорт және балалар ойын алаңшасы бой көтереді деп жоспарланып отыр. Оның 14-і «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында орнатылады. Ойын алаңшаларымен қатар ауланы абаттандыру жұмыстары да жүргізілетін болады.
Тұрғындардың еркін отырып демалуы үшін бастырма (беседка), жаңа орындықтар мен қоқыс алаңшалары, спортпен шұғылдану элементтері қоса орнатылады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі