basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 355 млрд теңгенің өнімі өндірілген

Шілде 15, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 355 млрд теңгенің өнімі өндірілген
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда індеттен туындаған қиындықтарға қарамастан, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қала экономикасында оң даму динамикасы қалыптасып отыр.

Экономиканы құрайтын негізгі көрсеткіштер өсімі қамтамасыз етіліп, күрделі кезеңде халықтың табысын сақтап, оның әл-ауқатын арттыру жөніндегі міндеттер табысты іске асырылуда.

Атап айтар болсақ, биылғы қаңтар-маусым айларында Шымкент қаласындағы өндіріс орындарында 355 млрд. теңгенің  өнімі шығарылып, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,2 пайызға артты. Ал ауылшаруашылығы саласында өсім 2,1 пайыз болып, өнідірілген өнім көлемі 17,2 млрд. теңге болды.

Шымкент инвестиция тартудан да алдыңғы орындарда. Бірінші жартыжылдықта қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 131,8 млрд теңгеге жетіп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,9 пайызға өсті. Құрылыс жұмыстары 50,1 млрд. теңгеге жетіп, 15,6 пайыз өсімді көрсетті. Ал бөлшек сауданың үлесі 198, 5 млрд теңгені құрап, 9,6 пайызға артса, тұрғын үй 276,3 млрд теңге болып, 1,9 пайызға өсті.

Қала аумағында әрекет ететін 3 өндірістік аймақта 110 кәсіпорын белсенді жұмыс істеп, 7680 тұрақты жұмыс орындары ашылған. Есепті кезеңде осы  аймақтарда құны 1,8 млрд. теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылып, жаңа 274 жұмыс орны ашылды.

Шымкент қаласында кәсіпкерлікті де қолдауға басымдық беріліп отыр. Соның нәтижесінде кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасына бағытталған қаржы көлемі биылғы алты айда екі есе ұлғайып, 7 млрд. теңгеге жетті. Есепті кезеңде 931 жобаға 2,5 млрд. теңгеге қолдау көрсетіліп, тұрғындар арасында кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік берілді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисиндустриякәсіпкерлікМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент : Әл-Фараби ауданында 9 балалар алаңшасының құрылысы басталды

Next Post

Инфрақұрылым : Мұрат Әйтенов Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысымен танысты

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі