basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Еңбек нарығына бейімделу – заман талабы

Шілде 30, 2021
in Жаңалықтар
0
Еңбек нарығына бейімделу – заман талабы
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсын жүргізетін оқу орталықтарының қатарында «Мирас» колледжі мекемесі бар.

Мекемеде шаштараз шебері, маникюр шебері, визажист, тігінші, WEB-қосымшасын әзірлеушінің көмекшісі және дизайнер біліктіліктері бойынша білім беруде. Оқу орны 3 айлық кәсіптік оқыту курстарына 2017 жылдан бастап қатысып келеді.

Сондай-ақ, оқуын тәмамдаған азаматтарға еңбек нарығының сұранысына сай бос жұмыс орнына орналасуға мүмкіндік береді.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағандарды тұрақты жұмысқа орналастырады.

Қазіргі күнге дейін аталған курс бойынша 725 білім алушы болса, оның ішінде 632-сі жұмыспен қамтылды.

33 жастағы Әйгерім Асқарбек мекемеде қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсында «WEB-қосымшасын әзірлеушінің көмекшісі» мамандығын бойынша дәріс алуда.

– Мен көп балалы ана болғандықтан бала тәрбиелеумен жұмыссыз  үйде отырдым. Қазір осы мемлекеттік бағдарламаның арқасында өзім қалаған мамандық бойынша білім алып жатырмын. Оқуды бітіріп қолыма сертификатымды алған соң, биыл өз кәсібімді ашсам деген ниетім бар, – дейді Әйгерім Асқарбек .

Айта кету керек, оқыту курстары 30-дан аса мамандықтар бойынша жүргізіледі: дизайнер, кондитер, тігінші, автоэлектрик, тас қалаушы, кран машинисті, визажист, шаштараз шебері, аспаз және т.б. мамандықтар бар. Қатысушыларға ай сайын 17 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполис«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасыМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент : Қаратау ауданындағы 384 көп қабатты тұрғын үйге сығымдау жұмыстары жүргізілуде

Next Post

Шымкентте 79 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі