basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : Тұран шағын ауданындағы инфрақұрылым мәселесі зерделенді

Шілде 31, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент : Тұран шағын ауданындағы инфрақұрылым мәселесі зерделенді
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жаңадан тұрғызылып жатқан шағын аудандардың құрылыс барысы қала басшылығының тұрақты бақылауына алынған.  Құрылыс алаңдарының басында сала жетекшілері және мердігер ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жүйелі түрде жұмыс жиындары өткізілуде.

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Шымсити» және «Тұран» шағын аудандарындағы құрылыс жұмыстарының қарқынын бүгін қала әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұлов қадағалады.

Аппарат басшысы алдымен «Шымсити» шағын ауданындағы көпқабатты үйлерге жылу беретін қазандықтың қысқы кезеңге дайындығымен танысты. Модульды жылу қазандығының жүйесі толық автоматтандырылған, арнайы компьютерлік бағдарлама арқылы басқарылады. Нысан  басында қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жылыту маусымына дайындықты ұйымдастыру жөнінде берген  тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

«Тұран» шағын ауданында қала әкімінің аппарат басшысы құрылыс жұмыстарына жұмылдырылған мердігер ұйымдар өкілдерімен жұмыс жиынын өткізді. Құрылыс штабында өткен кездесуде баспана салу барысында өндірістік кестенің сақталуы, ішкі орамдық жолдардың сапасы, жарықтандыру мәселесі, су жүйелерін жүргізу, аяқжолдар салу және абаттандыру мәселесі бойынша қала басшысының берген тапсырмаларының іске асырылуы пысықталды. Аталған мәселелер бойынша тапсырыс беруші қалалық басқармалар қойып отырған талаптар мен мердігер ұйымдардың орындаушылық тәртібі талқыланды.

Жиын қорытындысымен қала әкімінің аппарат басшысы ішкі орамдық су жүйелері мен абаттандыру мәселелері бойынша жұмысшылар атқарып жатқан істерді зерделеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисинфрақұрылымМұрат ӘйтеновТұраншымкент
Previous Post

Тұрғын үй сертификатының қаражаты азаматтардың жинақ шотына аударылады

Next Post

Шымкенттік дәрігерлер пайдалы кеңестер алды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі