basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Тұрғын үй сертификатының қаражаты азаматтардың жинақ шотына аударылады

Шілде 31, 2021
in Жаңалықтар
0
Тұрғын үй сертификатының қаражаты азаматтардың жинақ шотына аударылады
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында тұрғын үй сертификатын беру бойынша өтінімі мақұлданған азаматтарға қаражат банктің жинақтау шотына аударылады. Аталған қызмет бойынша бірқатар  азаматтар өз өтінімдерінде банктің мақұлдау туралы хабарлама хатында көрсетілген жинақтау шотын емес, өзінің банктік жеке шотын көрсеткен.

Азаматтардың тұрғын үй сертификатына жіберген өтінімі талаптар мен шарттарға сәйкес келіп мақұлданған жағдайда, тұрғын үй сертификатының қаражаты банктің мақұлдау туралы хабарлама хатында көрсетілген жинақтау шотына аударылады. Сол себепті басқарма мамандары  www.kezekte.kz интернет порталы арқылы тұрғын үй сертификатына өтінім жіберу барысында  банк деректемелері қатарын  толтырғанда өте мұқият болуды сұранады.

Айта кету керек, Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау 26 шілде күні басталған болатын. Қазіргі таңда  бұл қызмет бойынша  жалпы саны  312 азамат өтінім жіберген.  Оның  ішінде 51 азамат өз өтінімін қайтарып алса, 180 азаматтың өтінімі тұрғын үй сертификатын алудың  талаптарына сәйкес келмегендіктен және құжаттарын толық тапсырмағандықтан бас тартылған. Ал 64 өтінім қазіргі таңда басқарма мамандарымен қаралуда. 17  азаматтың өтінімі мақұлданып, тұрғын үй сертификатының иегері атанды.  Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау жалғасуда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисМұрат Әйтеновтұрғын үй сертификатышымкент
Previous Post

Шымкентте 79 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

Next Post

Шымкент : Тұран шағын ауданындағы инфрақұрылым мәселесі зерделенді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі