basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының көмегімен кәсібін ашқан

Тамыз 25, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының көмегімен кәсібін ашқан
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының арқасында жұмыссыздар саны азайып, кәсіп ашқандардың саны артып келеді. Олардың қатарында аталған бағдарлама шеңберінде арнайы курстарда оқып, 200 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз грантты жеңіп кәсіп ашқандар бар.

Биыл мемлекеттік грантқа қол жеткізген қала тұрғынының бірі – Севдиор Ихтиярұлы. Ол өткен жылы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, 21 күндік «Бизнес бастау» кәсіпкерлік негіздерге оқытуға жолдама алған. Оқу аяқталысымен, қолындағы сертификатымен биыл мемлекеттік грантқа өтінім беріп, «құймалы балмұздақ» ісі бойынша бизнес жоспарын әзірледі. Нәтижесінде комиссия жобасын мақұлдаған. 583 400 теңгелік грантқа қол жеткізіп, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алған. Бүгінде күніне 200-ден астам дана балмұздақ сатып, ісін дөңгелетіп отыр.

– Шымкенттің ыстық маусымында балмұздақ сату тиімді іске айналып отыр. Қала тұрғындарының да сұранысы артып, мемлекеттен алған қаражатқа шағын құймалы балмұздақ сататын дүкен аштым. Алдағы уақытта ісімді кеңейтемін деген ойдамын, -дейді 28 жастағы бағдарлама қатысушысы.

Айта кетсек, былтыр 4828 адам мемлекеттік грант алды. Оның ішінде 407-сі көп балалы отбасы мүшелеріне, 2122-сі аз қамтамасыз етілген отбасыларға, 29-ы мүгедек азаматтарға ,1075-сі жастарға және 1195-і өзге санаттағыларға берілді. Биыл 600 азамат грантқа қол жеткізіп, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Шымкентте көпқабатты тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде

Next Post

Шымкент: Интернет сапасын жақсарту жұмыстары жалғасуда

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі