basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : Қаратау ауданындағы 7 мыңға жуық тұрғын биыл таза ауыз сумен қамтылады

Қыркүйек 8, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент : Қаратау ауданындағы 7 мыңға жуық тұрғын биыл таза ауыз сумен қамтылады
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Мемлекет басшысы міндеттеген тапсырмалардың Қаратау ауданында жүзеге асырылуын бақылау үшін аудандағы инженерлік инфрақұрылым жұмыстарымен танысты.

Аудан аумағында орналасқан 24 елді мекенде 247 мыңнан астам халық тұратынын айтқан аудан әкімі А.Әліқұлов бүгінде 18 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылғанын, екі елдімекен кестемен, қалған төртеуі тасымалды су пайдаланатынын жеткізді.

Халық тұтынатын судың сапасын арттыру мақсатында биыл Қаратау ауданы бойынша 3 магистралды суаққының құрылысы   және 3 шағын ауданда ауыз су жүйесі тартылып жатыр.

Қаратау ауданында ауыз су инфрақұрылымы бойынша атқаралып жатқан жұмыстар жайын Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбеков баяндады.

Оның айтуынша, 3 магистралды суаққының құрылысы   кестеге сай жүргізілуде екен. Сонымен бірге  жалпы ұзындығы 59,8 шақырымды құрайтын Тұран шағын ауданындағы  ауыз су құбырының құрылысы 100 пайыз аяқталып, бүгінде құбырларды жуып-шаю жұмыстары атқарылуда.

Ал, Асар-2 шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 156,1 шақырымды құрайтын ішкі орамдық жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады. Нұртас шағын ауданындағы ұзындығы 40,8 шақырымды құрайтын ауыз су құбырының бүгінде 18,36 шақырымы орнатылған.

Аталған жұмыстар аяқталуына орай, ауданда 7 мыңға жуық тұрғын  сапалы ауыз сумен қамтылып,  көрсеткіш 83,5 пайызды құрайтын болады.

Айта кетейік, аудан аумағында ауыз сумен қамтуды қажет ететін 6 елді мекен бар. Олар  Асар-2 ш/а (2 кезек), Бозарық с/ж, Қайнарбұлақ т/а,   Исфиджаб т/а, Сайрам т/а, Қызылсу тұрғын алаптарының жаңа құрылыс аумақтары. Аталған елді мекендер «Шымкент қаласын дамытудың 2020-2023 жылдарға арналған іс-шара жоспарына» енгізілген.

 

Tags: 3 мегаполисауыз суинфрақұрылымМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте 2 агроиндустриалды аймақтың құрылысы басталды

Next Post

Шымкент : Қаратау ауданындағы 62 шақырым жолға шағал тас төселеді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі