basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент : Қаратау ауданындағы 62 шақырым жолға шағал тас төселеді

Қыркүйек 8, 2021
in Билік
0
Шымкент : Қаратау ауданындағы 62 шақырым жолға шағал тас төселеді
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 3247 шақырымды құрайды. Оның 1151,5 шақырымы Қаратау ауданына қарасты. Қазіргі таңда аудандағы жолдардың 582 шақырымы асфальт, 486,1 шақырымы шағал тас болса,  83,3 шақырымы топырақ жол болып табылады.

Биыл мұнда 89,1 шақырым асфальт жолға жөндеу жүргізіліп, 62 шақырым жолға шағал тас төсеу жоспарланған.

Қала әкімінің Қаратау ауданына барған сапары кезінде жол бойынша атқарылған жұмыстарды қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов баяндады.

Күрделі жөндеу жұмыстарына сәйкес, «Алем Транс Жол» құрылыс компаниясының мердігерлігімен 17 көшеге, яғни 19,3 шақырым жол жөнделіп, бүгінде оның 65% пайдалануға берілген. Ауданда күрделі жөндеу бойынша 34,7 шақырымға аяқжол салу жұмыстары жүріп жатыр.

Орташа жөндеу жұмыстары бойынша жалпы саны 38 шалғай және ішкі орам көшелері, яғни 54,4 шақырым жол жөндеуден өтуде. Оның ішінде 26 көше (68,4%) толығымен аяқталған, 2 сотпен тоқтатылған, ал 10 жұмыс барысында. Сонымен қоса 17,3 шақырымдық  аяқжолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады.

Ал, қиыршық тас төсеу жұмыстарын мердігер мекеме «Пример-Строй» ЖШС жүргізді. Ауданға қарасты шағын аудандарындағы 62 шақырымды құрайтын 102 көшеге шағал тас төселу үстінде. Бүгінде жұмыстардың 76 пайызы аяқталған.

Аялдама жағдайына келер болсақ, Сырым батыр көшесіне 30 жаңа аялдама және Таскен шағын ауданына 10 ескі аялдама орнатылды.

2022 жылғы жоспарға сәйкес Қаратау ауданындағы ұзындығы 50,9 шақырым болатын 43 көшеге асфальт салу жоспарланып отыр.

Tags: 3 мегаполисинфрақұрылымМұрат ӘйтеновшымкентҚаратау ауданы
Previous Post

Шымкент : Қаратау ауданындағы 7 мыңға жуық тұрғын биыл таза ауыз сумен қамтылады

Next Post

Шымкент : Қаратау ауданында 40 көше жарықтандырылады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі