ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Лұқпанұлы Тоғжанов Шымкент қаласында іс сапарда болды.
Ералы Лұқпанұлы медицина саласына қатысты мекемелердің жай күйлерімен таныса келе, жаңа оқу жылы қарсаңында ашылған “НИЗМХАН” жекеменшік мектебімен танысты.
Аталған мектеп, бұрығы апатты мектеп орнына салынды.
2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар түзілген. Аталған жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін 72 мектеп құрылысы жүргізілетін болады.
Оның ішінде, 2021 жылы 12 714 орынға арналған 23 мектеп (4 мемл.(1 920 орын), 19 жекем.(10 794 орын)) пайдалануға тапсырылды.
Нәтижесінде, апатты мектеп мәселесі толығымен жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға азаяды.
Үш ауысымдағы мектептер мәселесін 2023 жылға дейін толығымен шешу жоспарланған.
Ералы Лұқпанұлы, ең бірінші кезекте санитарлық талаптарды, оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бірінші кезекте жолға қоя отырып, білім саласындағы олқылықтарды жоюды тапсырды.
Ең қуантарлық жағдай қаламызда жекеменшік мектептер ашуға ниет білдірушілер саны жыл санап артуда!
Жаңа оқу жылында 23 мектеп пайдалануға берілді.