basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттегі әлеуметтік нысандар жылыту маусымына толығымен дайын

Қыркүйек 14, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттегі әлеуметтік нысандар жылыту маусымына толығымен дайын
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңірлердің 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Селекторлық режимде өткен отырысқа Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, орынбасарлары мен барлық басқарма басшылары қатысты.

Аймақтардағы дайындық барысы жөнінде баяндаған ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Шымкенттегі білім беру, денсаулық сақтау нысандарының алдағы жылыту маусымына 100 пайыз дайын екендігін айтты.

Қалада орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1 945 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 1 847-сі, яғни 95%-ы жылу маусымына дайын. Қалған тұрғын үйлерде дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Ал, әлеуметтік нысандар – білім (256), денсаулық сақтау (109), спорт (33), жұмыспен қамту (14) нысандары толығымен дайын.

«Қуатжылуорталық-3» МКК-на қарасты 12 дана жылу қазандығы, 17 сорғы стансалары 100% жылу маусымына дайын. «К-19», «ПМК-49» қазандықтарына қажетті 1,1 мың тонна көмір тасымалданған.

Шымкенттегі жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында биыл 29,5 шақырым жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда оның 28,4 шақырымында жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл 96% құрап отыр, қазан айына дейін жұмыстар толығымен аяқталады.

Қала тұрғындары жылу маусымында 77,6 мың тонна көмірді қажет етеді. Қазіргі уақытта қоймада 56 мың тн. көмір бар (72%). Алайда, тұрғындардың қажеттілігіне қарай көмір тасымалданатын болады. Инфрақұрылым жүйелерінің: табиғи газ – 100%, электр – 90%, ауыз су – 85% дайын.

 

 

Tags: 3 мегаполисжылыту маусымыинфрақұрылымшымкент
Previous Post

Шымкентте 2025 жылға дейін 72 мектеп құрылысы жүргізілетін болады

Next Post

Шымкент: Нұрсәт шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің мәселесі назарға алынды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі