basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биыл ашылған мектептер циклі: «Аbadan» мектебі

Қыркүйек 15, 2021
in Жаңалықтар
0
Биыл ашылған мектептер циклі: «Аbadan» мектебі
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент халық саны қарқынды өсіп жатқан қала санатында. Қаламызды заманауи білім орталығына айналдыру – уақыт талабы. Шаһардың басты байлығы – оның тұрғындары. Адами капиталды арттыру міндеті қаламыздың бес жылдық даму жоспарының маңызды тармағы ретінде енді.

Алдағы бес жылдық кезеңде апатты, үш ауысымды мектептер мәселесі түпкілікті шешіліп, ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан мектептердің орнына типтік үлгідегі мектептер салынбақ.

Осы жоспар аясында биылғы жаңа оқу жылында бір мезетте 20 жаңа мектеп іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы 4 мектептің құрылысы аяқталып, оқушыларды қабылдайды.

Білім беру ұйымдарының құрылыс қарқынын арттыруда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік оң нәтижесін беруде. Биылғы жылы құрылысы аяқталып, тапсырылған білім беру ұйымдарының ішінде 15 мектеп мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде пайдалануға берілді.

Осы санаттағы жаңа білім беру ұйымдарының бірі – «Abadan» жекеменшік мектебі. Ұйым 550 балаға білім беруге лайықталған. Қазір мұнда 350 оқушы білім алуда. Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Оқушыларға қосымша сабақ ретінде ағылшын тілін тереңдетіп оқыту курстары ұйымдастырылған. Балалардың тұлғалық дамуын қамтамасыз етуде шахмат, домбыра, хореография, бейнелеу өнері сынды шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді.

Оқу кешенінде 24 сыныптық кабинет оқу жабдықтарымен қамтылған, акт және спорт залдары, медициналық бекет және асхана бөлмелері қарастырылған.

Мектептің педагог кадрларының әлеуетін 45 жоғары білікті мұғалімдерден құралған. Мұнда балалар жалпыға бірдей білім стандарты бойынша сабақ өтеді. Оқушылардың үлгерімі мен педагог кадрлардың біліктілік деңгейіне тұрақты негізде іске асатын бақылау жүйесі енгізілген.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Білім: Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мен білімді дамытудың толыққанды моделі әзірленді

Next Post

«Кедергісіз келешек»: Шымкенттегі Сайрам көмекші мектеп-интернаты колледж мәртебесін алды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі