basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Кедергісіз келешек»: Шымкенттегі Сайрам көмекші мектеп-интернаты колледж мәртебесін алды

Қыркүйек 15, 2021
in Жаңалықтар
0
«Кедергісіз келешек»: Шымкенттегі Сайрам көмекші мектеп-интернаты колледж мәртебесін алды
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Nur Otan партиясы «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Сайрам көмекші мектеп-интернатының ескі ғимараты толығымен сүрілді. Оның орнына заманауи талаптарға сай жаңа ғимарат салынды.

Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталып, биыл жыл соңына дейін аяқталады. Алғашында балалар үйі болып құрылып, кейіннен көмекші мектеп-интернат қызметіне көшкен нысан енді «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледж» арнайы кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша,  бүгінде Шымкент қаласының білім басқармасына қарайтын колледждегі құрылыс жұмыстары 95%-ға аяқталған. Мұнда оқу ғимаратынан бөлек 100 орынға лайықталған асхана, акт және спорт зал, ағаш өңдеу сондай-ақ, тігін шеберханасы бар. Жаңа ғимараттың ауданы – 3,5 га. Мұнда алма, өрік, алхоры сынды жеміс ағаштары отырғызылған бау-бақшамен көгалдандырылған.

Ерекше оқытуды қажет ететін балалар мектеп-интернат-колледжін тәмамдаған соң, таңдаған мамандықтарының бірі бойынша диплом алып шығады. Бұл білім мекемесі Қазақстанда тұңғыш рет көмекші мектеп-колледж мәртебесін алды.

Нысан құрылысы Nur Otan партиясының Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасын іске асырудың кешенді жоспарына енді.

Еске сала кетсек, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарлама мен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру аясында 2025 жылға дейін ел көлемінде 22 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысанына ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін бейімдеу жұмысы жүргізіледі. Мүгедектерді жұмыспен қамту, психологиялық және құқықтық көмек көрсету орталықтары ашылады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өзіне ыңғайлы жұмысты таңдауы мақсатында Мамандықтар атласы жасалады. 2025 жылға қарай мүгедектігімен жұмысқа орналасқан адамдар саны 30%-ке дейін өседі.

Мүгедектігі бар балалар үшін кәмелеттік жасқа толғаннан кейін тұрғын үйге кезегінің үзілмеуі қамтамасыз етіледі. 2025 жылға қарай мүгедектігі бар мұқтаж адамдар 100% қажетті техникалық құралдармен және бейімдеу қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

 

Previous Post

Биыл ашылған мектептер циклі: «Аbadan» мектебі

Next Post

Шымкентте көкөніс-бақша шаруашылығын дамытуда ерекше жоба қолға алынбақ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі