basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттегі үш магистралды су құбырының құрылысы аяқталуға жақын

Қыркүйек 16, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттегі үш магистралды су құбырының құрылысы аяқталуға жақын
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбековтың қатысуымен өтіп жатқан пресс-тур барысында журналистер құрылысы жүргізіліп жатқан үш магистралды су құбырының құрылыс барысын аралап көрді.

Жалпы ұзындығы 11,37 шақырымды құрайтын «Көмешбұлақ» нысанының құрылысы 2020 жылы басталған болатын. Қазіргі уақытта 8,3 шақырым құбыр орнатылып, құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталды. Нысан құрылысын осы жылдың қараша айында аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, ұзындығы 13,6 және 11,76 шақырымды құрайтын ауыз су құбырларының құрылысы да биыл аяқталып, жыл соңында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Аталған магистралды су құбырының құрылысы аяқталса Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Батыс, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ тұрғын алаптары толыққанды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Қазіргі уақытта қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 14 нысанның, яғни 3 магистралды суаққы мен 11 ішкі орамдық жүйелер құрылысы жүргізіліп жатыр.

Ал бұл жылы барлығы 9 елдімекенде құрылыс жұмысы аяқталып, Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас, Жаңаталап және Сәуле шағын аудандары сапалы ауыз сумен қамтылады.

Tags: 3 мегаполисинфрақұрылымМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

АГРС-3: Газ құбырына гидравликалық сығымдау жұмыстары жүрізілуде

Next Post

Құрылысы аяқталған «1-М-1» қосалқы станцияға техникалық сынақ жүргізілуде

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі