basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Құрылысы аяқталған «1-М-1» қосалқы станцияға техникалық сынақ жүргізілуде

Қыркүйек 16, 2021
in Жаңалықтар
0
Құрылысы аяқталған «1-М-1» қосалқы  станцияға техникалық сынақ жүргізілуде
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында 2019 жылы құрылысы басталған «1-М-1»  қосалқы станциясының құрылысы аяқталып, бүгінде техникалық сынақ жұмыстары жүргізілуде. Орнатылған трансформаторларды тексерістен өткізу жұмыстарының барысымен пресс-тур кезінде БАҚ өкілдері танысты.

Атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырған қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқарма басшысының орынбасары А.Ашаев қосалқы станциясы сынақтан өтіп, іске қосылғанда қаланың 5 бірдей елдімекені сапалы қуат көзіне қосылатынын айтты.

Атап айтар болсақ, олар Асар-2, Солтүстік саяжай, Қайнарбұлақ, Достық, Қайтпас-2 шағынаудандарындағы 60 мыңға жуық тұрғын қамтылады деп көзделуде. Қоректендіру желісі 110 кВ құрайтын қосалқы станция Бозарық станциясынан қуат алатын болады.

Жобанның жалпы құны – 4,6 млрд теңгені құрайды. Қосалқы станция заман талабына сай, жабық жағдайда салынған. Желілердің ұзындығы – 5,2 шақырымды құрайды. Нысанның құрылысын мердігер мекеме «Электромонтаж» АҚ жүргізді.

Басқарма басшысының орынбасары қаланың шалғайдағы шағынаудандарын сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келетінін айтып, ол жұмыстар үнемі қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бақылауында екенін атап өтті.

Tags: 3 мегаполис«1-М-1»инфрақұрылымшымкент
Previous Post

Шымкенттегі үш магистралды су құбырының құрылысы аяқталуға жақын

Next Post

Шымкент : Ынтымақ-2 шағын ауданындағы су құбырын тарту жұмыстары аяқталды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі