basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік шәкірттерді шыңдаған ұстаз

Қыркүйек 16, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік шәкірттерді шыңдаған ұстаз
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қаламыздың білім саласында жемісті етіп жүрген ұстаз-педагогтар жетерлік. Білікті мұғалімдер қала болашағын қалыптастыруда. Абыройы артып, шәкірттері үздіктер қатарынан көрініп жүрген мәртебелі мамандық иесінің бірі – Гүлнұр Алмаханова. Ол өз ісінің кәсіби маманы, білікті педагог ретінде қала тұрғындарына жақсы таныс. Әр мұғалім еңбек жолында шәкірт тәрбиелеуде үздік оқу әдісін қолданады, оны үнемі жетілдіріп отыруға тырысады. Гүлнұр Тұрлыбайқызы жан-жақты ізденімпаздығымен оқушыларға білім дарытудың жаңа форматын енгізді. Нәтижесінде білікті ұстаздың тәрбиесін көрген оқушылар түрлі білім сайыстарында үздіктер қатарынан көрініп жүр.

Г.Алмаханова қазір қалалық №1 мектеп-гимназиясында қазақ тіл мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарады. Сабақты жаңа технололгиялармен ұштастырып өтудің нәтижесінде оқушылардың білім алуға қызығушылығы артып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні балалардың асыға күтетін сабағына айналды.

Ұстаздың «Қазақ әдебиеті пәні бойынша қолданылатын көмекші құралы» атты авторлық оқу әдістемелігі туралы ғалымдар оң пікір білдіруде.

–Сабақ оқыту барысында «Алтын балыққа арналған аквариум», «Ақылдың алты қалпағы», «SWOT-талдау», «Блум түймедағы» секілді тәсілдерді қолданамын. Мұндай әдістер оқушыны сыни тұрғыдан ойланып, баға беруге жетелейді. Алған білімін өмірде қолдануға септігін тигізеді, – дейді Г.Алмаханова.

Ұстаздық қызметі мен шығармашылықты қатар алып жүрген мұғалім – сабақтан тыс уақытта «Шамшырақ» театр үйірмесіне жетекшілік етеді. Үйірме өз жұмысын жақында бастағанына қарамастан, қазақтың классик жазушысы Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы мен Абай шығармаларынан үзіндіні жас көрермендерге ұсынып үлгерді.

Айта кетсек, Г.Алмаханованың жұмыс өтілі 24 жыл. Қаладағы №1 мектеп-гимназиясында 2020 жылдан бастап қызмет атқарып келеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Шымкенттегі тауарлы сүт фермасының құрлысы аяқталуға жақын

Next Post

Журналистер магистралды жылу құбырының жағдайымен танысты

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі