Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков Шымкент қаласы Сайрам тұрғын алабындағы жаңадан іске асырылатын ірі жобалардың бірі «AGR GLOBAL TRADE» ЖШС-нің 600 басқа арналған асыл тұқымды тауарлы сүт фермасы нысанының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Қазіргі таңда қоражайдың құрлысы басталып, қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпкердің айтуынша, Германиялық шаруашылықтармен келісім-шарт түзіліп асыл тұқымды (Гольштейн және Симменталь) ірі қара малдың 98 басы сатып алынып, елге алып келу үшін карантинге қойған.
Қора жай құрылысы қарқынды жұмыс жүргізілуіне байланысты қазан айының соңына дейін алғашқы этапты аяқтауды жоспарлауда.
2022 жылы аталған жоба құрылысын толығымен аяқтап шаруашылықтағы өндірілетін сүт өнімдері қала аумағындағы бала-бақша мен бастауыш мектептерге тасымалданатын болады.
Қазіргі таңда қоражай құрылысымен қоса тауарлы сүт фермасына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу үшін арнайы шетелдік компаниялармен келісім-шарт жүргізілуде.
Аталған жоба бойынша алдағы уақытта сатып алынған асыл тұқымды ірі қара малға және құрал-жабдығына мемлекеттік қолдаулар көрсетілетіндігі туралы шаруашылық басшысына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.