basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі төмендеген

Қыркүйек 16, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі төмендеген
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға мемлекеттік гранттар беру Шымкент қаласында тиімді жүзеге асырылуда. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған бағдарлама арқылы жұмыссыздық деңгейі төмендеп, аз уақытта бірқатар адам кәсіптік білімін жетілдірген. Қайтарымсыз мемлекеттік гранттың жемісін көргендердің бірі – Арапбаев Жәнібек Исабайұлы.

Көп балалы отбасы ретінде Жәнібек Исабайұлы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы қатарына кіреді. Мемлекет ұсынған мүмкіндікті тиімді пайдалану мақсатында ол былтырғы жылдың қыркүйек айында қалалық жұмыспен қамту орталығына қайтарымсыз грантқа өтінім білдірді. «Мал шарушылығы» бағыты бойынша комиссияға өз бизнес-жоспарын ұсынып, нәтижесінде  жобасы сәтті қорғалып, сол жылдың қыркүйек кайында 200 АЕК(555 650 тг) көлемінде грант ұтып алды. Мемлекеттің қаржысына 3 бас мал алып,қазіргі таңда мал бордақылау жұмысын алға қойып, етін сатумен айналысады.

–        «Отбасылық кәсіпті бастауға мемлекет тарапынан берілген мүмкіндікті тиімді жүзеге асыру барысын қарастырдық. Мал – баққанға бітеді. Қазақ халқы қашан да мал бағып, сол бейнеттен береке тапқан. Бүгінге дейін күнкөрістің қамына айналған ата кәсіппен шұғылданғандардың ырысы мол.  Бастапқыда алған 3 бас сиырымыз (өгізшелер) бүгінгі таңда 5 басқа көбейіп тұр. Сондықтан, мал шаруашылығымен айналысқанды жөн санадық» – дейді жеке кәсіпкер.

Жалпы, былтырғы жылы бағдарлама шеңберінде 4828 адам қайтарымсыз мемлекеттік грантқа қол жеткізді.Ал, «Бастау бизнес» жобасына 2820 адам жолданып, оқытылды.

Ал, биылғы жылдың өзінде 600 адам грантқа қол жеткізсе,1900 азаматқа «Бизнес бастау» оқу курсына жолдама берілді.

Previous Post

Шымкент: "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде грантқа қол жеткізді

Next Post

Шымкент: "Бизнес бастау" курсына биылдың өзінде 1900 адам жолданды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі