basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Туристік полиция бір айда 1000-ға жуық азаматқа қызмет көрсетті

Қыркүйек 22, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Туристік полиция бір айда 1000-ға жуық азаматқа қызмет көрсетті
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласына келуші қонақтар мен қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі – Туристік полиция қызметі. Туристік полицияның басты міндеті туристерге құқықтық көмек көрсетуге бағытталған. Тәртіп сақшылары сағат 09:00-ден 01:00-ге дейін үш ауысыммен қызмет көрсетеді. Арбат, Орталық саябақ, Наурыз алаңы, Қошқар ата өзенінің жағалауы сияқты туристер көптеп кездесетін орындарда жүреді.

Егер турист өз құжаттарын жоғалтса немесе қандай да бір оқиға орын алса полиция қызметкерлері көмек көрсетеді. Сондай-ақ, тұрғындар мен келген туристерге қызықтырған сұрақтар бойынша кеңестер мен ақпараттар береді. Шетелдіктер мен инвесторларды тарту үшін шетел азаматтарының елімізге келген кездегі қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету қызметін атқарады. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қолайлы инвестициялық климаттың орнауына оң әсерін тигізеді. Туристік полицияның қызметіне соңғы бір ай ішінде 1000-ға жуық азамат жүгінген.

Туристік полиция қызметкерлері бейнетіркеуіштермен, планшеттермен, рациямен жабдықталған. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін және еліміздің тарихын жетік меңгерген. Қызметте адамдармен тез тіл табыса білетін және жедел әрекетке әрдайым дайын болу сынды қабілеттерге ие болуы маңызды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Оқушылардың жол қауіпсіздігі қадағалануда

Next Post

Шымкенттік ұстаз еліміздегі үздік мұғалімдер қатарында

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі