basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Зияткер оқушылар Тәуелсіздік жетістіктерін шетелдіктерге паш етпек

Қыркүйек 23, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Зияткер оқушылар Тәуелсіздік жетістіктерін шетелдіктерге паш етпек
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымшаһардағы білім беру мекемелерінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында ашық сабақтар жалғасуда. Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебіндегі оқушылар арасында да Тәуелсіздік ұғымы насихатталып, оның тарихи алғышарттары мен саяси көрінісі түсіндірілді.

Мектеп директоры Кайырбек Сәбитұлының айтуынша, қыркүйек айына жоспарланған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбындағы ашық сабақты қытайлық әріптестерімен де онлайн өткізбек. Бұл тәрбие сағаты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» авторлық бағдарламасы негізінде әзірленген.

Бүгінгі іс-шараны қаладағы жетекші 30 мектептің 900 оқушысы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің youtube-тағы арнасы арқылы тікелей трансляцияда тамашалады. Сабақ барысында 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі маңызды хронологиялық кезеңдер түсіндірілді.

– Жобаның басты мақсаты – оқушыларға тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы еңбегін жеткізу. Назарбаев Зияткерлік мектептері – тәуелсіздік тарту еткен тәтті сый. Мұнда қаншама баланың арман-қиялы шындыққа айналып, биік шыңдарды бағындыруда. Биыл мектебімізде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім грантын 145 үміткер иеленіп, 7-сыныпқа оқуға қабылданды. Озық ойлы шәкірттеріміздің жарқын жетістіктерімен алдағы жылдары елеміздің барлық саласы дамиды деген үміттеміз, – дейді Кайырбек Буксукбаев.

Ашық сабаққа қатысқан Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Бекназаров Қазақстанның экономикалық дамуы, ел тәуелсіздігінің рөлі мен халықаралық аренадағы жетістіктері туралы оқушыларға өз ойын айтса, айтыскер ақын Абылай Құлтай тәуелсіздіктің құрдасы екенін қара өлеңмен жеткізді.

 

Previous Post

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету қоғамның ортақ міндеті

Next Post

Білім: "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында кеш өтті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі