Қаламызда көтерме тарату орталықтарын құру бойынша нақты жұмыстар қолға алынған. Соның бірі Шымкент қаласын Орталық Азия аумағында ірі көліктік-логистикалық хабы ретінде қалыптастыру мақсатында 2015 жылы 92 гектар жерге көлік-логистикалық аймағы құрылған . Аталған аймақта қазіргі күні үлкен жобалар іске асырылуда, атап айтқанда, олар – «Kazakhstan Logistic group» ЖШС, «Зерде» ҒӨБ» және «Continental Logistics Shymkent». Аймақта құрғақ және климаттық қоймалар, контейнерлік алаң, темір жол тұйығы, әкімшілік тұрмыстық кешен, сондай-ақ кедендік рәсімдеу орталығы жұмыс істейді. Келешекте осындай тағы бір көтерме-тарату орталығын салу жоспарлануда.
Бұдан бөлек, қала тұрғындары үшін әр түрлі тауарларды қолайлы бағада сатып алу үшін 11 мың шаршы метрді құрайтын «GraMaD» сауда орталығында көтерме-тарату орталығы ашылды. Ол қаладағы 1700-ден астам сауда орындарын азық-түлік, жеміс-көкөністермен қамтамасыз етіп келеді.
Сонымен қатар, қала аумағында жалпы сыйымдылығы 108 мың шаршы метр болатын 14 сақтау қоймасы орналасқан. Оның ішінде 6 климаттық және 8 құрғақ сақтау қоймасы бар.