basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мұғалім – мамандықтың төресі

Қазан 4, 2021
in Жаңалықтар
0
Мұғалім – мамандықтың төресі
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Ұлтымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «мұғалім – мектептің жаны» деп бекер баға бермеген. Ұстаздар күні қазан айының алғашқы жексенбісі болып бекітілгенімен, мұғалімге деген құрметіміз әрдайым биік тұратыны анық. Ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, ғылым иесі ғалым да, мал бағып терін төккен шопан да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адамзат құрметпен бас иеді. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім», – деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы – қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы. Жалпы қазіргі кезде білім беру саласы заманның ағымына қарай, ұрпақтың сана-сезімі мен таным-түсінігіне қарай бейімделіп, үздіксіз өзгеріп жатыр. Сәйкесінше, мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Ал мектеп директорына жүктелген жауапкершілік тіпті орасан. Бұл сөзімізді қарапайым мұғалімнен мектеп директорына дейін көтерілген кейіпкеріміз қуаттай түсті.

– Бірінші мамандығым – музыка пәнінің мұғалімі. Жергілікті және мемлекеттік басқару мамандығы бойынша екінші жоғары білімім бар. Еңбек жолым 2012 жылы шаһардағы №88 жалпы орта мектепте ұстаздықтан басталды. Ал кәсіби тұрғыдан шыңдалып, өсіп-жетілуіме Назарбаев зияткерлік мектебі үлкен әсер етті. Сол мектептегі әріптестеріммен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, көптеген бағдарламаларды меңгеріп, бірнеше жобаларды жүзеге асыруды үйрендім. 2018 жылы №65 мектеп-гимназиясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмысымды жалғастырдым. Жаңа оқу жылынан бастап мектеп директоры болып қызмет атқарып келемін. Әлі жас болғандықтан, «білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» деген қағиданы ұстанамын. Жалпы білім мекемемізде ұйымдастырылып жатқан оқу-тәрбие үдерістері басшылыққа алатын құжаттың негізінде жүзеге асады. Білім сапасын көтеруге мектеп ішінде ұйымдастырылып жатқан барлық бағыттағы жұмыстар тікелей әсер етеді. Біздің мектептегі жағдайымызды түзейтін де, мектеп қабырғасындағы озық жүйені де құрайтын да өзіміз, – дейді мектеп директоры Алмас Қайыпов.
«Жас келсе, іске» демекші, сұхбат барысында Алмас Серікұлының өз қарым-қабілеттерін барынша көрсетуге дайын екені байқалып тұрды. Жас болса да үлкен ұжымға сіңісіп, бүгінде әріптестерінің мақтанышына айналған директордың алға қойған мақсаты айқын, жоспары жүйелі. Қоғамға жан-жақты дамыған, креативті, мемлекетке өз үлесін қоса алатын жастар қажет. Ал, жастардың мінез-құлқы, қабілет-дарыны оқушы кезден қалыптасады. Біздің кейіпкеріміздің де ұстанымы осы.

Previous Post

Шымкентте 4 жарым мыңға жуық отбасы жеңілдетілген несие бойынша баспанамен қамтылады

Next Post

Білікті ұстаздарға деген сұраныс күн санап артып келеді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі