basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Шаңырақ» бағдарламасымен 200-ден астам отбасы баспаналы болды

Қазан 22, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Шаңырақ» бағдарламасымен 200-ден астам отбасы баспаналы болды
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы «Тұран» шағынауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген тұрғын үй пәтерлері кезең-кезеңімен пайдалануға берілуде.

Бүгін алғашқы 224 отбасыға пәтер кілттері табысталды. Жаңа қоныс иелері «Шаңырақ» бағытымен баспаналы болып отыр. Кілт тапсыру рәсіміне қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков қатысып, баспаналы болған азаматтарды қоныс тойымен құттықтады.

–Шымкентте бүгінде 46 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тіркеулі. Азаматтарды барынша баспанамен қамту мақсатында тұрғын үй құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Бүгін міне сіздердің қуаныштарыңызға куә болып отырмыз. Баршаңызды қоныс тойларыңызбен құттықтап, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін,-деді Е.Білісбеков.

Биыл қала әкімдігі тарапынан баспанаға мұқтаж азаматтарға қолдау ретінде тұрғын үй сертификатына 500 миллион теңге бөлінді.

Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде әр азаматқа 1 миллион теңгеге дейін беріледі. Бүгінгі жаңа қоныс иелерінің 184-і де аталған сертификатты алып, баспаналы болып отыр.

Жалпы, «Тұран» шағынауданында үлестіріліп жатқан 27 тұрғын үйдің 1 728 пәтеріне өтінімдер биыл «Отбасы банк» арқылы «Шаңырақ» бағытымен қабылданған болатын. Пәтерлер кезең-кезеңімен үлестіріледі.

Бағдарламаның талаптарына сәйкес, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар отбасының ортақ табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,7 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда қатыса алады. 2021 жылға бұл табыс 126 917,4 теңгені құрады.

Жылдық мөлшері 5 пайыздан аспайтын, алғашқы жарна 10 пайызбен, 20 жылға жаңа тұрғын үйлерді сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Егер азаматтардың ай сайынғы табыс көзі жетпей жатқан жағдайда, туысы немесе жақыны кепіл бола алады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Шымкентте туристік инфрақұрылымды жетілдіру бағытында бірқатар жобалар іске қосылды

Next Post

Шымкент: «SHANYRAQ» орталығы – игі істердің бастамашысы

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі