basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: «SHANYRAQ» орталығы – игі істердің бастамашысы

Қазан 22, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: «SHANYRAQ» орталығы – игі істердің бастамашысы
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев «SHANYRAQ» орталығының жұмысымен танысты.

Ашылғанына небәрі бір жыл болған орталық қаладағы осал топтардың әлеуметтік картасын дайындауда елеулі істер атқарып келеді.

Әлеуметтік мәселелер жөнінде қаланың төрт ауданымен тығыз байланыс орнатқан орталықта жас аналармен бірге әжелер және жалғызілікті әкелердің де мектебі жолға қойылған.

Орталық меңгерушісі Абибулла Қалымбеттің сөзінше, орталыққа азаматтар айына бір рет бас қосып, өзін мазалап жүрген мәселелерді ортаға салады. Себебі орталықта психологиялық, әлеуметтік және құқықтық кеңес беру қызметі ақысыз жүргізіледі.

Тіпті мұнда бала асырап алу жөнінде кеңес алумен мен өзге кәсіп игеруге және жұмыспен қамту тұрғысынан да жәрдем алуға мүмкіндік бар.

Бір жыл ішінде 9 859 азамат орталықта психологиялық, құқықтық, АӘК-ке құжат тапсыру, үй кезегіне тұру бойынша кеңес алған.

Бұдан өзге, көпбалалы және науқас бала күтіміндегі 143 ана тігін, массаж, СММ курстары мен кондитерлік шеберлік сағатына қатысып, қазір өз кәсібін дөңгелетіп отыр.

– Ажырасу – қоғамның ең үлкен мәселенің бірі. Күйзеліске ұшыраған ата-аналар психологиялық көмекке зәру. Ал толық емес отбасыда өскен баланың келешекте қоғамға сіңісуі, адамдармен тіл табысуы қиынға соғады. Жасқаншақ болған балалардың өздері де тұрақсыз әрі депрессияға жақын келеді. Осы мәселенің алдын алу үшін «SHANYRAQ» орталығы ашылып, игі істер атқарылуда. Алдағы уақатты сіздермен етене жақын жұмыс істейтін боламыз,-деді Рашид Мамытұлы.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Previous Post

Шымкентте «Шаңырақ» бағдарламасымен 200-ден астам отбасы баспаналы болды

Next Post

В Шымкенте более 200 семей приобрели жилье по программе «Шаңырақ»

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі