Қазығұрт ауданы аумағындағы жанар-жағармай құю бекеттеріндегі дизельдік отын және сұйытылған мұнай өнімдеріне (газ) бойынша мониторингтік жұмыстары іске асуда.
Ағымдағы жылдың 15 қараша күні аудан аумағында «Аудан әкімінің бағаларды тұрақтандыру бойынша аудандық штаб құру туралы қаулысы» құрылған жұмысшы топ құрамымен бірге жанар-жағармай құю бекеттеріндегі Аи-92, Аи-93, Аи-95 маркалы бензин, дизельдік отын және сұйытылған мұнай өнімдеріне қатысты мониторингтік жұмыстар жүргізілді.
Нәтижесінде, аудандағы барлық жанар-жағармай құю бекетінде жағдай тұрақты. Бір тәуліккке белгіленген мөлшердегі мұнай өнімдері өз деңгейінде күн сайын сатылуда.
Бүгінгі таңда, жанар-жағармай құю бекеттеріндегі мұнай өнімдерінің бағасы Мемлекет басшысының тікелей бақылауындағы маңызды мәселе.
Яғни, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі №140 «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес (Аи-80 маркалы бензин – 1 литрі үшін 89 теңге, Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литрі үшін 205 теңге, дизельдік отын – 1 литрі үшін 295 теңге болып бекітілді), барлық жанар-жағармай құю бекеттерінің иелері мен өкілдеріне мұнай өнімдерінің (Аи-92, Аи-93, Аи-95 маркалы бензин, дизельдік отын және сұйытылған мұнайгаз) шекті бағаларының сақталуын қамтамасыз етуді және негізсіз өсіру деректері орын алған жағдайда, заң аясында дәлелді құжаттармен ЖЖМҚБ-нің иелерінің тәртіптік жауапкершіліктері қаралатынын және айыппұл салынатындығы жөнінде толыққанды ақпарат жұмыстары түсіндірілді.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Түркістан өңірінде газдандыру жұмысы жүйелі жүріп жатыр. Соңғы бір жылда 21 елді мекендегі 53 мыңға жуық тұрғын газбен қамтылды. Оған қоса, Жетісай ауданында қуаты сағатына 50 мың текше метрді құрайтын 2 автоматтандырылған газ тарату станциясының (АГТС) құрылысы аяқталуда.
Биыл өңірде 103 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 68 нысанның құрылысы жылдың соңына дейін аяқталып, 122 мың тұрғын газбен қамтылады. Нәтижесінде газбен қамтылған елді мекендердің саны 522-ге жетіп, қамту деңгейі 63 пайызды құрайды. Яғни, 1 659,3 мың тұрғын қамтылып, тұрғындарды қамту көрсеткіші 78,3 пайызға жетпек.