basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ: МАМАНДАР ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫ УАҚТЫЛЫ ҚАБЫЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қараша 17, 2023
in Жаңалықтар
0
САЙРАМ: МАМАНДАР ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫ УАҚТЫЛЫ ҚАБЫЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін аудан әкімідігінде аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бөлімінің ұйымдастыруымен қызылша ауруының алдын алу және оған қарсы вакцинациялау мәселелері бойынша дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Дөңгелек үстелге аталған салаға жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері және дәрігерлер қатысты.
Мамандардың айтуынша, жыл басынан бастап елімізде халық арасында қызылша ауруы жиі тіркеле басталған. Түркістан облысында 1300-ден астам адам қызылша ауруын жұқтырған. Оның 368-і біздің ауданда тіркелген. Бүгінде ауырғандардың дені 5 жасқа дейінгі балалар. Олардың шамамен 60 пайызы ата-аналарының бас тартуына байланысты қызылшаға қарсы екпе алмаған, – дейді мамандар.
Дәрігерлердің айтуынша, қызылша – вирустық жұқпалы аурулардың бірі және ол ауа тамшылары арқылы өте тез таралады. Бұл инфекция шамамен 100 пайыз сезімталдықпен сипатталады, яғни, бұрын қызылшамен ауырмаған немесе вакцинацияланбаған адам науқаспен байланыста болған жағдайда оны жұқтыру қаупі өте жоғары.
Жиында ауданның дәрігерлері барша тұрғындарды балалардың денсаулығын қатерге тікпей уақтылы вакцина қабылдауға шақырады. Қызылша инфекциясынан эпидемиолдогиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған жиынға Түркістан облысының СЭБД басшысының орынбасары және инфекциялық, паразиттік ауруларды бақылау бөлімінің басшысы, денсаулық сақтау басқармасының басшысы сонымен қатар видеобайланыс арқылы аудан, қалалық СЭББ басшылары және әкімдік өкілдері мен медициналық ұйым дәрігерлері қатысты.

Департамент басшысының орынбасары қызылша аурушаңдығынан өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды баяндап, облыстың БМСД-нің қаулысына сәйкес тиісті шараларды белсенді атқару керектігін атап өтті. Қосымша жаппай иммундау жұмыстары 6- қарашадан басталған. Қазіргі таңда 2455 (6-11 ай 29 күн аралығындағы балалар) екпе алды. Бұл екпе алуға тиісті контингенттің 1,4% құрайды

Previous Post

АРМАН СӘБИТОВ: ЕЛІМІЗДІҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУЫНА САЙРАМДЫҚ АНАЛАРДЫҢ ДА ҮЛЕСІ ЗОР

Next Post

АРЫС: ҚАЛА ӘКІМІ ТАРИХИ СӘТТЕ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН СӘБИ МЕН АТА-АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі